402
Жансүгірұлы, Жансүгіров Ілияс (1894-1938)
– ақын, жазушы.
Қазақ совет әдебиетінің классигі. Әдебиеттің барлық жанрында дерлік
шығармалар жазған. Оның поэзиясы – терең ойдың, үлкен
сезімнің
поэзиясы. Ақын қазақ әдеби тілін жаңа сатыға көтерді.
Жұмабайұлы, Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (1893-1938)
– Алаш
қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Қазақ
поэзиясының сыршылдығын тереңдетті. Әлемдік поэзияда экологиялық
тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі. Қазақ поэмасын суреткерлік
арнаға бұрды.
Кенесары Қасымұлы
(1802 – Көкшетау өңірі, 1847 – Қырғызстан,
Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік-Сеңгір аңғары) –
мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837–1947
жылдардағы ұлт-азаттық
қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының
соңғы ханы (1841–1947). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай
ханның немересі.
Достарыңызбен бөлісу: