Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


Қаратаев Мұхамеджан (1910-1995) –



Pdf көрінісі
бет217/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Қаратаев Мұхамеджан (1910-1995) – 
әдебиет сыншысы, ғалым. 1910 
жылы 27-желтоқсанда қазіргі Қызылорда облысы, Сырдария ауданында 
туған. Қазақ КСР Халық жазушысы (1987), профессор (1967), Қазақ КСР 
ҒА-ның академигі (1975). Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері (1974). 
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1933). 
1936-1938 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында жауапты хатшы, 
төрағасы, Абай атындағы Алматы мемлекетгік университетінде кафедра 
меңгерушісі. 1947-1951 жылдары Жамбыл педучилищесінде оқытушы. 
1955-1960 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында 
(қазіргі «Жазушы») редактор, бас редактордың орынбасары, директор. 
1960-1968, ҚСЭ-нің бас редакторы (1968-1979), 1979-1988 жылдары 
Қазақ КСР ҒА-ның Әдебиет және онер институтында бөлім меңгерушісі, 
кеңесшісі болған.
Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931)
– ақын, аудармашы, композитор. 
«Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресін» жазған. Қазақтың сот және 
заң мәселелерін зерттеген.
Құнанбайұлы Абай (1845-1904)
– ұлы ақын, ойшыл, ағартушы, 
композитор.
Майлин Бейімбет (1894-1938) 
– ақын, драматург. Қостанай облысы, 
Таран ауданы, қазіргі Майлин атындағы совхозда туған. Қазақ совет 
әдебиетінің негізін салушылардың бірі. 
Мақатаев Мұқағали
(1931-1976)
– Алматы облысы, қазіргі Райымбек 
ауданындағы Қарасаз ауылында туған. Қазақ радиосында диктор болған. 
«Қазақ әдебиеті» газетіде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін 
басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби 
кеңесші қызметін атқарған. 
Қазақстан Жазушылар одағы жылдың ең жас ақынына арнап Мұқағали 
Мақатаев атындағы сыйлық тағайындаған. Туған жері Қарасазда ақынның 
мұражайы, ауданда бір орта мектеп, Алматы қаласында бір даңғыл және 
гимназия оның есімімен аталады.
Маркс Карл, (1818-1883)
– немістің экономист ғалымы, философ, 
саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы, ғылыми коммунизм 
теориясының іргетасын қалаушы. Оның идеялары XIX-XX ғасырларда 
қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге үлкен ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет