Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет220/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Нәжімеденов Жұмекен (1935-1983) 
– ақын, қазіргі Атырау облысы, 
Теңіз ауданында туған. Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы.
Нысанбай жырау Жаманқұлұлы
– ақын, жырау. Тарихи 
тақырыптағы «Кенесары – Наурызбай» дастанын жазған. Бұл шығарма 
алғаш рет 1875 ж. Записки Оренбургского отдела императорского 
русского географического общества журналында жарияланды. 
Нысанбай жырау Жаманқұлұлы (1822, Сыр бойы – 1883, қазіргі 
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққошқар мекені) – Кенесары 
Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің жыршысы. Нысанбай 
жырау көтеріліске бастан-аяқ қатысып, көрген-білгенін жырға 
қосқан. «Кенесары–Наурызбай» атты көлемді дастанында көтеріліс 
басшыларын батырлар жыры дәстүрінде бейнелеп, заман шындығын 
отарлық езгіге қарсы көтерілген халық үнімен шебер қиюластыра 
білді. Жырда Кенесарының қырғыздарға жасаған жорығы, оның қаза 
табуы мазмұндалған. Дастан халық арасына кең тараған. С.Жантөрин 
мен Т.Сейдалиннің аудармасымен алғаш рет 1875 жылы «Записки 
Оренбургского отдела императорского русского географического 
общества» журналында орыс әліпбиімен қазақ тілінде басылды. 
Шығарманы 1912 жылы Қазанда Жүсіпбек Шайқысыламұлы жеке 
кітап етіп бастырды, 1923 жылы Ташкентте Х.Досмұхамедұлының, 
1924 жылы Н.Төреқұловтың алғы сөздерімен кітап болып шықты. 1996 
жылы «Қазақ халық әдебиеті» атты көп томдықтың 17-кітабында жарық 
көрді. Нысанбай жыраудың шығармашылық жолын Х.Досмұхамедұлы, 
Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Т.Тебегенов, 
т.б. зерттеді.
Оңғарсынова Фариза 
– Қазақстанның халық жазушысы, ақын. 
1939 жылы қазіргі Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш 
ауылында туған.


406
Өтетілеуұлы, Өтетілеуов Бекет (1883-1949)
– ақын, аудармашы, 
ағартушы, педагог. Өмір бойы ұстаздық қызметпен айналысқан. «Дүние 
ісі ахиретке кетпес» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1912 ж. Қазанда, 
«Жиған-терген» атты өлеңдер мен аудармалар жинағы 1914 ж. Орынборда 
жарық көрген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет