Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


Бөкейұлы, Бөкеев Шәңгерей Сақыпкерейұлы (1851-1921)



Pdf көрінісі
бет214/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Бөкейұлы, Бөкеев Шәңгерей Сақыпкерейұлы (1851-1921)
– ақын. 
Бөкей ордасында Исатай, Махамбет тұсында хандық құрған Жәңгір 
ханның немересі.
Бөкейханұлы,
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1866-1937) – 
қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясы мен 
Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, көсемсөз шебері, ғалым, 
аудармашы. Ә.Бөкейхан Абай Құнанбайұлының шығармашылығын ХХ 
ғасыр басында орыс оқырмандарына алғаш таныстырды. Ә.Бөкейхан 
көркем аудармашы ретінде орыстың Л.Н.Толстой («Қажымұрат» 1923, 
«Кавказ тұтқыны» 1925, «Жетіқарақшы» 1925); Д.М.Мамин-Сибиряк 
(«Қара ханым» 1927); В.Г.Короленко («Баймақан», «Өзі» 1927); А.П.Чехов 
(«Хамелеон») сияқты классик жазушыларымен қатар шет ел жазушысы 
Ги де Мопассанның («Жарасын алдырған ана») әңгімелерін және Қырым 
халықтарының әдеби шығармаларын да қазақ тілінде сөйлеткен. 


401
«Біржан-Сара айтысы»
— айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. 
Айтыс 1895 ж. қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан 
Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты 
алғаш рет «Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген 
атпен 1898 жылы Қазанда Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. 
Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы 
мәселесін, замана шындығын өзек еткен. Айтыс алғашында рулық бағыт 
алса да, кейін жүйелі өнер сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына 
айналады, қазақ қоғамындағы әлеуметтік қарым-қатынастың адам 
өміріне әсері, тұрмыстың мән-мазмұны философиялық ой-толғамдармен 
қосыла өріліп, өз нақышын тауып жатады. Қ.Жұмалиевтің либреттосы 
бойынша 1946 жылы М.Төлебаев «Біржан – Сара» операсын жазды.
Досмұхамедұлы, Досмұхамедов Халел (1883-1939)
– Алаш 
қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. 1909 ж. Санкт-Петербург 
Императорлық әскери-медициналық академиясын үздік дәрежелі дәрігер 
атағымен бітіреді. Студент шағында саяси жұмыспен айналысып, 
Ресей кадеттер партиясына мүше болады. Пермь губерниясында, Орал 
облысында дәрігер болып қызмет атқарады. 1917 ж. Алашорда үкіметі 
құрамына сайланады. 1918 ж. наурызда Ж.Досмұхамедовпен бірге 
Алашорда үкіметі атынан В.И.Ленинмен, И.В.Сталинмен бетпе-бет 
келіссөздер жүргізеді. Кеңестік кезеңде жауапты басшы қызметтер 
атқарады. Отандық ғылымның дамуына үлкен үлес қосты. Табиғат, 
жануарлар дүниесі мен денсаулыққа арналған көптеген оқулықтар мен 
ғылыми еңбектер жазды. Қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына 
қатысты материалдар жинақтап, ғылыми зерттеулер жариялады. «Мұрат 
ақын сөзі» (1924), «Исатай-Махамбет» (1925), «Аламан» (1926), «Қазақ 
халық әдебиеті» (1928) жинақтары шыққан. 1939 ж. 19 тамызда түрме 
ауруханасында қайтыс болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет