Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет200/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

қасқырдікі – тақсырдікі
деп жалғаса беретін, көбі шебер қиыстырылған 
осындай грамматикалық құрылыс-бітімі ұқсас ұйқастар молдығымен 
де, жиі кездесе бермейтін ерекшелігімен де қызғылықты. Бұл ұйқастар 
әрине, тек келісті, әдемі өрнек, үйлес-үндестік табу тілегінен ғана туған 
деп санауға болмайды. Өлеңдегі өзекті ой желісі «
Заман кімдікі?
» деген 
сауалға жауап беру негізінде өрбіп отыратын болса, тармақтан-тармаққа 
ауысқан сайын ұйқастағы тізбектеліп келетін сөздердің 
күштінікі–
тістінікі–істінікі
сияқты болып түгелдей негізгі сауалға тікелей жауап 
беру түрінде алыныуы және мағынасы, құрылыс-бітімі, үндестігі 
жағынан да үнемі бір-бірімен жалғас келуі айтылатын ойды неғұрлым 
өткір, әсерлі етіп жеткізу мақсатына қызмет етеді.
Қазақ поэзиясында етістік сөздерді өлең ұйқасына кіргізгенде, 
молынан тізіп пайдалануға болатынын Абай өлеңдерінен анық 
байқаймыз. Қазақ совет поэзиясында бұл тәсілді ұстаған ақынның 
бірі – Ілияс. Ол 1920 жылы жазған «Боранда» атты өлеңінде бірыңғай 
етістіктерді ұйқастырады (
қарпылдап тұр –шартылдап тұр–қарқындап 
тұ –қалтылдап тұр
, т.б.) Осы өлеңнің күрделі ұйқас өрнегінен жас 
ақынның сөзшең-тапқырлығына қоса қазақ тіліндегі етістік сөздерге 
тән суреттілікті де анық байқаймыз. Ұйқасты етістік сөздерді ұтымды 
пайдаланудың үлгісін Ілияс кейінірек «Әнші» секілді туындыларында 
әсіресе айқын таныта алды.
Абай қазақ поэзиясының өлең өрнектерін дамытып, байытуға зор үлес 
қосты дегенді үнемі айтып жүрміз. Ұлы ақынның осы салада тындырған 
еңбегінің көлемі, мән-мағынасы шексіз зор екенін жоғарыда келтірілген 
әртүрлі мысалдардан-ақ көруге болады. Бұл тұста атап айтатын, есте 
сақтайтын нәрсе – Абай жаңа өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін орнықтыруда 
қандай асқан өнерпаздық көрсетсе, бұрыннан белгілі көп тараған өлшем-
өрнектерді керек жерінде қырнап, өңдеп, түрлендіріп, мейлінше мол 
пайдалану жағынан да соншалық зор өнегелі іс атқарды. Ол туралы біз 
осы еңбектің әр жерінде айтып келдік. Бұл жерде біз қазақ поэзиясына 
Абай тыңнан қосқан өрнектердің басты-бастыларына тоқталып өтпекпіз.
Сырмақ қып астына 
Байының тоқымын,
Отының басына 
Төрінің қоқымын 
Бүксітіп,
Бықсытып,
Қоқсытып келтірді.
Осының бәрімен
Көңлінде міні жоқ,
Жүзінің нәрі мен
Бойының сыны жоқ.
Бүкшиіп,
Сексиіп,
Түксиіп өлтірді.
Осындағы 6 буынды тармақтар түгелдей 3 буынды қос бунақтан 
құралса, қысқа тармақтар 3 буынды болып келген. Бұдан біз осы өлең 


369
түрінің қазақ өлеңі құрылысының өзгешелік қалпын берік сақтап, 
поэзияда орныққан өрнектер негізінде өріліп шыққанын көреміз.
Қысқа тармақтардың ырғағын айқындай түсу үшін Абай 
бүксітіп 
– бықсытып – қоңсытып, бүкшиіп – сексиіп – түксиіп
де ген сөздерді 
үйлестіріп, 3 буынды тармақтармен келесі 6 буынды тармақтың бастапқы 
бунағын да ұйқастырып қойған. Етістіктен жасалған сипаттама сөздер 
өзінің нақтылы мағынасы, әсерлі суреттілігімен де назар аударады. Өлең 
ырғағын шығарманың мазмұнына байланысты алып қарасақ, осындағы 
ұзынырақ (6 буынды) тармақтардың соңында 3 буынды ырғақтың айқын 
естіліп, оқшауланып шығуы, қайталануы айтылатын ойдың кекесін, 
сықақ, ажуаға толы мәнін ашып көрсетуге орайлы. «Қор болды жаным» 
атты өлеңнің де ырғағы, шумағы өзгеше құрылған:
Сайрай бер, тілім, 
Сарғайған соң бұл дерттен. 
Бүгілді белім,
Жар тайған соң әр серттен. 
Қамырықты көңіл, 
Қайтсе болар жеңіл.
Шумақ ішінде 5, 6, 7 буынды тармақтар белгілі ретпен келіп 
отырады. Бұл оның негізгі ерекшелігі. Ал тармақтарды бөлек алсақ, 5 
буындысының өрнегі 3 буын + 2 буын болып келеді. «Сегіз аяқтағы» 
5 буынды тармақтар да сондай. Бұл ырғақ мақалдарда кездеседі. 6 
буынды тармақтардың өрнегі 4 буын + 2 буын. Бұл да мақалдарда, қысқа 
өлеңдерде ұшырасады. Ал 7 буынды тармақтар мол тараған (4 буын + 
3 буын) өрнектен құрылған. Тек алғашқы шумақтағы бір тармақ қана 3 
буын + 4 буын болып келеді.
Абайдың өзгеше ырғағы, шумағы, ұйқасы бар өрнек тудырған тағы 
бір өлеңі – «Сен мені не етесің?».
Сен мені не етесің?
Мені тастап,
Өнер бастап, 
Жайыңа 
Және алдап,
Арбап, 
Өз бетіңмен сен кетесің.
Heг (е) әуре етесің?
Қосылыспай,
Басылыспай,
Байына
Және жаттан
Бай тап, –
Өмір бойы қор етесің.
Бұл – қазақ поэзиясында да, Абай жасаған өлең өрнектердің ішінде 
де оқшау тұрған туынды. Дауыс толқынының еркін құбылып отыруына 
мейлінше сәйкестендіріліп құрылған осы өлшемнің басты ерекшелігі 
мұнда ұзынды-қысқалы, көлемі жағынан бірінен-бірі мүлде алшақ 


370
тармақтар бір шумақ шеңберіне түйіскен. Шумақ құрылысы бірінен-бірі 
аумайтын екі бөлшектен тұратын болғандықтан, алғашқысын талдап 
көру жеткілікті. Мұнда бір 6 буынды, бір 8 буынды тармақ бар екенін 
көреміз. 4 буынды тармақ – үшеу. Бұларға қоса бірі 3 буын ды және бірі 2 
буынды екі тармақ және бар. Әрқайсысы әркелкі осынша тармақтардың 
бір шумақта қалай жанасып, сиысып, бірігіп тұрғаны таңғаларлық-ақ 
нәрсе! Осы әртүрлі тармақтардың шашырамай, жымдасып тұруының, 
шумақтың шұбалаң көрінбей, бас-аяғы жинақы болып, тұтастығы айқын 
сезілуінің сыры неде?
Шумақтағы ең көлемді тармақтар – екі 6 буынды тармақ пен екі 8 
буынды тармақ – құрылысы жағынан сабақтас: соңғы бунақтары 3 буынды. 
Осы төрт тармақ бірыңғай үйлесіп және бұлардың ұйқасы шумақтағы 
ұйқастың негізгі желісін құpaп тұр. Шумақтың біртұтастығын арттыруға 
себі бар. 3 буынды екі тармақтың соңғы бунағы 3 буынды тармақтармен 
ырғағы жағынан жанасатыны сөзсіз. 4 буынды тармақтар – алтау. 
Қайталатындықтан қатар тұрғандары өзара ұйқасатындықтан, олардың 
ырғағы да күшті сезіледі, көлемі, құрылысы өзгеше тармақтармен орайлас 
келуінде. Ақырында қос буынды екі тармақ та өз орнына тауып қойылған, 
олар бір-бірімен және кейде алдындағы 4 буынды тармақпен ұйқасады. 
Бұл өрнекті Абай басқа шығармасында қолданбайды. Осындай құрылыс-
бітімі бөлекше өлең өрнегі өзінің ретті жерінде ғана пайдалануға лайық, 
сондықтан өте сирек кездеседі.
Абай поэзияға енгізген осы өрнектің сөйлеу интонациясына 
бейімделіп жасалған қазақ әдебиетіндегі алғашқы үлгінің бірі екенін атап 
айту керек. Тақпақ өлеңдерде, ауыз әдебиетінің кейбір нұсқаларында 
осыған негіз боларлық ырғақ-өлшемдер кездескенімен, бұл өлең түрінің 
сонылығы талас туғызбауға тиіс. Қазақ поэзиясына Абай тыңнан қосқан 
өлең өрнектерінің ішіндегі ең күрделі және жарасымды жасалғаны «Сегіз 
аяқ». М.Әуезов Абай поэзиясындағы осы үздік көркем туындыны аса 
жоғары бағалап, «Сегіз аяқ» – ұлы ақынның жазушылық еңбегінің орта 
тұсында туған үлкен бір белдей әрі мол, әрі бар жағынан көркем келісті 
шыққан, зор шығарманың бірі»
108
, – деп жазды. Өлең кестесін «бұрын 
ешкім таппаған қиын ұйқасты шебер түр»
109
 
деп сипаттады.
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған, 
Қиуадан шауып, 
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған,
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Осы шумақта 5 буынды тармақтар мен 8 буынды тар мақтар белгілі 
ретпен кезектесіп келіп отыратынын көреміз, басқа шумақтарда 8 буынды 
108
Әуезов М. Абай Құнанбаев. Алматы, 1967. 136-б.
109
Бұл да сонда, 137-б.


371
тармақтың орнына 7 бу ынды тармақ түсуі де ықтимал. Бунақ кестесі 
3 буын + 2 буын + 3 буын болып келетін 8 буынды тармақ пен бунақ 
өрнегі 4 буын + 3 буын болып келетін 7 буынды тармақ жыр өлшемінде 
де, шумақты өлеңдерде де еркін алмасады. «Сегіз аяқтағы» 7, 8 буынды 
тармақтардың бунақтық кестесі де дәл осындай. Жырда:
Атаңның /аты/ кім болар? 
Анаңның /аты/ кім болар? 
Айтып кеткін, /қарағым,
Қандай жаман /күн болар.
Мұнда алғашқы екі тармақ 3 буын + 2 буын + 3 буын болып құралса, 
соңғы екі тармақ 4 буын + 3 буын болып келеді. «Сегіз аяқта»:
Толғауы /тоқсан/ қызыл тіл, 
Сөйлеймін /десең/ өзің біл.
Немесе:
Бойда қайрат, /ойда көз, 
Болмаған соң, /айтпа сөз.
Мұнда да бастапқы екі тармақтың кестесі 3 буын+2 буын + 3 бу ын 
болса, кейінгі екі тармақтың құрылысы 4 буын + 3 буын бо лып келеді.
Енді 7, 8 буынды тармақтардың 5 буынды қысқа тармақтармен 
алмасса, өлеңнің ырғағы түрлене түседі. Бұл жерде біз екі қысқа 
тармақтың олардан ұзынырақ бір тармақпен қосылып, үшеуден 
топтасатынын ескеруіміз керек. Және екі қысқа тармақтың өзара жанасу, 
жымдасуы өзінен ұзынырақ тармақпен бірігуінде әлдеқайда күштірек 
болады. Сондықтан шумақтың ырғақтық құрылысы жағынан қарағанда 
екі қысқа тармақпен бір ұзын тармақ қатарласып (қарсы келіп) теңдесу 
ыңғайы да сезіледі. Оған қосымша себеп – бұл үш тармақ шумақтың 
жеке бір бөлшегін құрайтындықтан, соңғы 8 (не 7) буынды тармақтан 
кейін дауыс толқынында айқын 
кідіріс
(пауза) болады. Сонымен бірге, 
егер 5 буынды екі тармақтың 8 буынды тар мақпен қосылып келетін кезін 
алсақ, шумақтың осы бөлшегін ырғақтық ерекшелігі жағынан басқаша 
қарастырып, түсінудің де реті бар. Айталық:
Алыстан /сермеп/
Жүректен /тербеп/ 
Шымырлап /бойға/
Жайылған...
Бұлай қарағанда бірыңғай келген 5 буынды ырғақтардың қатары 
3 буынды қысқа тармаққа келіп тынып тұр немесе басқа бір қырынан 


372
келсек, 5 буынды тармақты 8 буынды тармақтың соңғы бунағын алып 
тастап, қысқартқан шолақ түрі деуге де болар еді. Әрине, 8 буынды тармақ 
та, 7 буынды тармақ та біртұтас өлең жолы, оларды тек шартты түрде 
болмаса, бөлшектеп қарауға болмайды. Мұндай бөлшектеп қарастыру 
олардың құрылыс-бітіміндегі бірлік-ұқсастықты, жалғастықты түсініп 
білу үшін ғана қажет. «Сегіз аяқтың» шумағындағы тармақтарды өзіндік 
дербестік сипаты бар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет