Программа. Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі



Дата23.11.2022
өлшемі19,89 Kb.
#159542
түріБағдарламасы
Байланысты:
exsel каз


Microsoft Excel
Microsoft Еxcel — 1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты. IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа. Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.
Excelдің маңызы
Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады. MS Excel программасы кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу үшін арналған. Сол себептен бұл программа электрондық кесте деп аталады. Кестелерді өңдеу мынадай іс-әрекеттерден тұрады.

  1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.

  2. Түрлі-түрлі функциялардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.

  3. Тиімді ету мәселелерін шешу.

  4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.

  5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.

  6. Мәліметтерді статистикалық талдау.

VBA(Visual Basic бағдарламалар үшін) - Visual Basic бағдарламалау тілінің ықшамдалып қысқартылған түрі.
Microsoft компаниясының өнімдерінен басқа, AutoCADSolidWorksCorelDRAW сияқты көптеген бағдарламалық пакеттерге енгізілген. Бұл бағдарламаның артықшылығы дамудың салыстырмалы жеңілдігін қамтиды, соның арқасында қосымшаларды кәсіби пайдаланушылар да жасай алады. Кемшілігі - әртүрлі нұсқалардың кері үйлесімділігі сәйкестендірілмеген. Бұл проблемалар, негізінен, бағдарлама коды бағдарламалық өнімнің жаңа нұсқасында пайда болып, ал ескі нұсқаларында жоқ функционалдылыққа жүгінетіндігіне байланысты.
Microsoft корпорациясы өз құжаттарында VBA-ны пайдаланудың негізінен үш себебі бар екенін айтады:
1. Автоматтандыру және қайталау - компьютерлер адамдарға қарағанда әлдеқайда жақсы және жылдам жұмыс істей алады.
2. Пайдаланушылардың өзара әрекеттесуіне арналған кеңейтімдер – VBA-ның көмегімен құжатты қалай пішімдеуді немесе файлды қалай сақтау керектігі туралы нақты кеңес бере аласыз ... тағысын тағылар.
3. Office 2010 қосымшаларының өзара әрекеттестігі – бұндай қосымшалардың көмегімен Word пен Excel бірлесіп жұмыс істей алады.
Майкрософт корпорациясы VBA-ны қолдауды жалғастыра беретіндігін мәлімдеді.
Жұмыс кітабы
Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан ZZ әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді. Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтар деп аталады. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16. Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары. Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:

  • Сан

  • Формула

  • Мәтін


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет