Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет198/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

қара өлең ұй
қасы
немесе 
ақсақ 
ұйқас
деп аталатын үйлесім – 
ааба
өте-мөте көп қолданылып келген. 
С.Дөнентаев «Өз-өзіме» деген өлеңінде осы ұйқасты аттамалы ұйқас 
арқылы жалғастырып әкетіп, шығарма аяқталғанша сол бір-ақ ұйқасты 
қолданады.


365
Бұл өлшеммен жазылған өлеңдерде біраз ақындар егіз ұйқасты да 
пайдалана береді.
Жаз айында байқаймысың, ақын-ау, 
Самайыңа түсіпті ғой ақ қырау...
Деп достарым кездескенде тағар сын, 
Мейлі, мейлі сақал-шашым ағарсын. 
Тілегім сол: 
Ағармаса болғаны 
Ешқашанда өлеңімнін жолдары.
(Т. Бердияров)
Ұйқасты түрлендіріп пайдалану өлең сөздің синтаксистік құрылыс 
жүйесін байытып, молықтыра түсуге мүмкіндік береді. Кейде ойды 
ширата түсіп, сөйлемді ұзақ созып, оншақты тармақтан барып бір-ақ 
аяқтаған өлеңдерді көреміз. Мысалы:
Жерде, көкте, бар қимылдың бәрінде, 
Ракетада, сонау ағаш соқада
Құмыр құстың жан тербеткен әнінде 
Шегірткенің шырылында – о тоба, – 
Нұр көктемде тасытқан бір қар суын
Толқындардың түйдегінде жар тепкен, 
Моп-момақан таяғында малшының
Сарбаздардың семсерінде жарқ еткен –
Бәрінде де, бәрінде де шын өлең, 
Сұлу шабыт, тұрсың қарап сен үстем.
(Т. Есімжанов)
С.Дөнентаев «Балалық» өлеңінде осы өлшеммен жазылған өлеңдерде 
бұрын кездеспейтін ұйқас түрін жарасымды қолданады: 
аааб – вввб
болып өріліп, созыла беретін ұйқас кестесін өлеңнің аяғына дейін 
пайдаланып, әр шумақтың соңғы тармағында бір ұйқасты үнемі қайталап 
отырған. Мұның өзі әр шумақты біртұтас күрделі сөйлем етіп құруға 
ұмтылу әрекетіне сәйкес алынғанын көреміз. Соңғы тармақта ұйқастың 
үнемі өзгермей сақталып отыруы айтылатын ойдың негізгі қазығы деп 
санауға боларлық «
балалық
» деген сөздің (осы сөз өлеңнің тақырыбы 
ретінде алынып отырғаны да көңіл аударарлық) әр шумақта сөйлем 
соңында қайталанып келетініне және байланысты екенін байқаймыз.
Бес тармақты шумақта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет