Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет179/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

фонетикалық құрылысына
орай қалыптасқаны, тілдің табиғатынан туатыны талассыз. Тіпті 
ұйқастың құрылысы да буынға байланысты. Шумақта да тармақтың 
буындық құрамы еске алынады. Өлең құрылысының тұрақтылығы, 
басты заңдылығының негізгі өзгешеліктерінің ғасырлар бойы сақталып 
отыратыны да тіл табиғатымен терең тамырласып жатқандығынан. «Өлең 
құрылысы қаншалықты өзінше, бөлекше болса да, ол құрылыс тілмен 
тамырласып, жалғасып жатады, сол тілдің ұлттық сөйлеу қалпынан тыс 
жерде қайталанбайды. Поэзияның әрқашан ұлттық сипаты ең бір айқын 
көрінетін өнер болып қала беретіні осыдан»
92
, – дейді Б.В.Томашевский. 
Тілде сөздердің жаңа мағына алуы, соны сөздер қосылып, толысып, сөз 
құрамының молығып отыруы жиі кездесетін болса, тілдің құрылысы, 
әсіресе, дыбыстық құрылысы оп-оңай, санаулы уақыт ішінде айтарлықтай 
өзгере қоймайтыны белгілі.
Жеке өлең өрнектері (мысалы, алты тармақты шумақ) бір кезде өте аз, 
ал белгілі бір уақыттан бастап әлдеқайда жиірек қолданылады. Кейбір 
ақындар өзінше өрнек тауып, өлең тармақтарын тіпті бөлекше ретпен 
ұйқастыруды машық етуі ықтимал. Осы айтылған жаңалық, ізденулерге 
бағдарлап қарасақ, қазақ өлең жүйесінің бұрыннан қалыптасқан негізгі 
заңдылықтарына сәйкес туатынын, өлең тілінің, көбіне-көп тілдің 
синтаксистік құрылысының бай мүмкіншіліктерін толығырақ пайдалану 
тілегінен туатынын көреміз. Өлең жүйесі негізінен тұрақты болатыны 
оның сарқылмайтын, мол мүмкіншіліктерін әдебиеттің дамуына, ондағы 
жеке жанрлық түрлердің орнығу, өрістеуіне орай әр жағынан, әр қырынан 
алып, барған сайын неғұрлым мол, жан-жақты пайдалануға болатынын 
жоққа шығармайды.
92
Томашевский Б.В. Стих иязык. М.-Л., 1959. стр. 68.


328
Өлең құрылысының бай мүмкіншіліктері бір мезетте өзінен-өзі 
туа салмайды, мүмкіншіліктерді ақындар тарихи-қоғамдық өмірдің, 
әдебиеттің дамуына байланысты барған са йын кеңінен қамтып пайдалана 
береді. Айталық, ауыз әдебиеті, ондағы 
эпостық жыр, толғау, терме, 
жоқтау
секілді жанрлардын дамуы, суырып салып айту өнері мен 
өлең сөзді әуенмен термелеп айту әдісінің кеңінен құлаш жаюы өлең 
өрнектеріне тән бірталай сипат-ерекшеліктердің өрістеп, үдеуіне жол 
ашты. Мыса лы, шұбыртпалы ұйқас түрінің поэзияда кеңінен орныққанын 
айтсақ та жеткілікті.
Жазба әдебиеттің дамып, реалистік поэма, профессионалды 
лирикалық поэзияның түрлері бел алып, өсуі шумақ пен ұйқастың 
бірталай жаңа үлгілерін әкелді. Совет дәуірінде қазақ ақындары өлең 
ырғақ-өрнектерінің бұрын жете ашылмаған мүмкіншіліктерін толығынан 
пайдалануға, өлең сөздің ырғақ-интонациясын сөйлеу тіліне жақындата 
түсуге бет бұрды. Өлең құрылысының тіл табиғатына сәйкес болуы, 
оның үнемі дамып, жетіле түсіп, байып отыратындығының кепілі. Қазақ 
поэзиясының буынға негізделген силлабикалық өлең құрылысы жылдар 
бойы қалыптасып, шыңдалған, өрнектері мол өлең жүйесі. Бұл өрнектер, 
көп тараған 11 буын ды, 7-8 буынды, тағы сондай өлшемдер тілдің 
өзіне тән серпінділік, екпінділікті, сөз бен сөзді шебер қиюластырып 
байланыстырғанда туатын жарасымды гармонияны бойына барынша 
толық сіңірген. Поэзиядағы орныққан өрнек-өлшемдер ұтымды 
қолданылғанда өлең сөзге бейне жан бітірерліктей әуезділік, келісімді, 
әрі ширақ ырғақ дарытады, сөздің сыңғырлаған үнділігі мен әуенділігі, 
әсерлілігі мен көркі неғұрлым мол көрінуіне мүмкіндік береді.
Қазақ поэзиясында көп тараған өлең өлшемдерінің бір тобында барлық 
тармақтың буын саны бірдей болып келеді. Мы салы, 11 буынды өлең, 
6 буынды өлең, бірақ барлық өлшемдерде өлең жолдары түгелдей буын 
саны жағынан тең болуы шарт емес. Мысалы, жыр өлеңінде тармақтар 7 
не 8 буын ды болып келетіні белгілі. Ал тармақтардың қай-қайсысының 
да буын саны тұрақты, әрі ырғақ жағынан ұқсас сабақтас. Сондықтан екі 
түрлі тармақ еркін араласып, кезектесіп келе береді.
Қазақ поэзиясында ең көп қолданылатын өлең өлшемдері – 7 буынды, 
7-8 буынды, 11 буынды, 6 буынды өлең, онан да қысқарақ 4 буынды 
өлең сиректеу кездеседі. 14, 15 буынды өлеңдердің тармағы құрама 
болып келеді яғни 7 буынды екі тармақтан, не 7, 8 буынды екі тармақтан 
құралған болады. Қазақ поэзиясында ертеден 7 буынды, 7-8 буынды, 11 
буынды екі-үш-ақ түрлі өлшем болыпты деп қомсына қарауға ешбір негіз 
жоқ. Жалғыз қазақ поэзиясында ғана емес, тіпті дүниежүзі халықтарының 
әдебиетінде де орын тепкен өлшемдер 7-8 буыннан 11 буынға дейінгі 
өлшемдер болған.
Тармақтың көлемінде, мөлшерінде үлкен мән бар айталық, 4 буынды 


329
келте тармақтар бірыңғай қолданғанда, сөйлемді, сөйлемшелерді тым 
қысқа-қысқа құрап, интонациялық, синтаксистік құрылысы жағынан 
үзік-үзік етіп алуға тура болады. Мұндай жағдайда ойды кеңінен толғaп 
айту оңай емес, тармақ көлемді, шұбалаңқы болып келсе, оның ырғағы 
әлсіреп, жинақылық, ширақтығы кемиді. Өлең өлшеміндегі тармақты, 
айталық, 7-8 буын, не 11 буын етіп көлемін шектеп алғанда осындай 
шарттар ескерілгені күмәнсіз.
Ал осы аралықта 9 және 10 буынды тармақтар бар емес пе, олар неге 
мол тарамаған деген сұрақ тууы орынды. Тармақтың ұзындығына, жалпы 
көлеміне қоса оның ішкі құрылысын қамтып қарасақ, бұл сұраққа жауап 
табамыз. Асылы, қазақ поэ зиясында тармақтың неше бунаққа және қандай 
бунаққа бөлі нетінінде зор мән бар. Бұл пікірді мысалмен дәлелдейік. 
11 буынды өлшемнің соңғы бунағы 3 буынды болып келген түрі 
(4 буын + 4 буын + 3 буын) революцияға дейін аз тарады, себебі мұндай 
өлең ауыз әдебиетіндегі әдет бойынша әуендетіп, әндетіңкіреп айтқанда 
өлең ырғағы біркелкі естілетіндіктен.
10 буынды тармақтың қазақ поэзиясында қолданылып жүрген түрінің 
бунақтық өрнегі былай келеді: 3 буын + 2 буын + 3 буын + 2 буын. Мұнда 
бунақтар ұсақтау және көптеу, сондықтан тармақ ырғағы жағынан 5-5 
буыннан екіге белінуге бейімдеу тұрады. Бұл өлшемнің ырғағы келісті, 
бірақ аса жүрдек емес: Сондықтан ол да көп қолданылмайды. Ал 7, 7-8, 
11 буынды ең мол тараған өлшемдерді алсақ, бұлардың тармақ көлемі, 
бунақ өрнегі – бәрі де ырғақтың жеңіл, әсерлі болып, құбылып, түрленіп 
отыруына оңтайлы, сан қилы шығармаларда пайдалануға лайықты. 
Алдымен 7 буынды тармақтың бунақ өрнегіне назар аударалық, оның 
4 буын + 3 буын болып келуінде айрықша қисындылық бар. Тармақтың 
ырғағы мейлінше жеңіл, әуезді. Бұл жерде буын саны тең түсетін 
бунақтардан гөрі мына сияқты 4 буын + 3 буын болып келетін бунақтар 
көбірек жымдасып, тармақтың ырғақтық тұтастығы күшті болатынын 
ай ту керек. Тіпті бұдан қысқарақ 6 буынды тармақтың өзінде-ақ көлемі 
бірдей (3 буынды) екі бунақтың ара жігі айқын көзге түседі. 7 буынды 
тармақта 4 буынды бунақ бұрын келіп 3 буынды бунақ соңынан келеді. 
Бұл керісінше болуы мүмкін емес, өйткені тек 4 буынды бунақтан көлемі 
қысқарақ бунаққа (3 буынды) ауысқанда ғана өлең ырғағына қажет 
ширақтық, жеңілдік пайда болады.
Қазақ өлеңінде әдетте 7 буынды тармақ пен 8 буынды тармақ 
араласып, алмасып келе береді. 7 буынды тармақ 4 буын+3 буын 
болып құралса, онымен алмасып отыратын 8 буынды тармақ 3 буын + 
2 буын + 3 буын болып келуі мүмкін. Тармақтары осылай құрылатын 
7-8 буынды өлшем – қазақ поэзиясында кең қанат жайған, ең өнімді 
өлең түрі. Түйдектеліп келетін жырдың өлшемі де осы және бұл 
өлшеммен шығарылатын өлеңдерде шумақ та (әсіресе, төрт тармақты) 


330
өте көп қолданылады. Осы екі түрлі, 7 және 8 буынды тармақтар жыр 
түйдегінде де, шумақта да еркін, түрліше алмасып келе береді. Мұны 
кездейсоқ нәрсе деуге болмайды. Тармақтың басындағы 4 буынды бунақ 
пен 3 буын + 2 буын болып келетін қос бунақтың арасында ырғақтық 
сипаты жағынан алғанда қалайда біржа қындық, жалғастық бар екені 
күмәнсыз. Назар салсақ, 3 буын + 2 буын болып келетін өрнектің басқы 
3 буынындағыдан гөрі сөз соңғы 2 буында сәл созылыңқырап, жайырақ 
айтылады. Бұл осы екі қысқа бунақтың тұтастығын арттыру үшін 
керек. Олай болмаған күнде үш келте бунақтан тұратын тармақ тым 
бөлшектеніп айтылған болар еді.
7 және 8 буынды тармақтардың қайсысының болсын соңғы бунағы 3 
буынды болуында ерекше ұтымдылық бар. Мұның орнында 4 буынды 
бунақ тұрса, тармақтың ырғағын баяулатып, ауырлатар еді. Ал 2 буынды 
бунақ тым кел те болғандықтан, ырғақтың икемділігін кемітер еді. 7-8 
буынды өлшемнің 8 буынды тармағы 4 буын + 4 буын болып келетін 
басқа түрін алсақ, мұнда әртүрлі тармақтар етене араласпай, үнемі белгілі 
ретпен ғана кезектеседі. Әдетте ең көп тараған төрт тармақты шумақта 
бірінші, үшінші тармақ 8 буынды болады да, екінші, үшінші тармақ 7 
буынды болады. Мысалы:
Ішім өлген, құр денем cay, 
Босқа үрейім жүр менің. 
Жарамайды бекер алдау, 
Теңің емес мен сенің.
(Абай)
Бұл өлшемнің бунақтық кестесінде 4 буынды бунақтар басым 
болғандықтан, өлең ырғағында біркелкілік, салмақтылық сипат 
байқалады. 11 буынды өлшемде бунақтардың тек 3 буын, 4 буыннан 
құралып отыруы өте қисынды. Ұзын тармақта одан қысқа, мысалы, 2 
буынды бунақты қолданудың қажеті жоқ. Өлең ырғағына ширақтық, 
жеңілдік дарыту үшін 3 буынды бір бунақ енгізудің өзі-ақ әбден 
жеткілікті. Тармақтың бас жағында келіп, 4 буынды бунақпен еркін 
алмасып, кезектесіп отыратынын ескерсек, бұл өлшемнің ырғақтық 
өрнегі қаншалықты келісімді екенін байқау қиын емес. Мұндай өлең 
тармағында соңғы бунақтың 4 буын болуы өте ұтымды.
Тармақтың өзіне тән ырғағын анықтайтын тек ондағы буындардың 
жалпы саны ғана емес. Буындар белгілі ретпен, белгілі мөлшерде 
топтасып, әр тармақтың бірнеше қысқа бөлшектерге бөлінуіне мүмкіндік 
береді. Тармақтың осындай ырғақтық құрылысы жағынан жекеленген бір 
бөлшегін құрайтын буындар тобын 
бунақ
дейміз. Тармақта неше буын бар, 
ол буындар қалай топтасқан яки тармақ неше және қандай бунақтардан 


331
құралған – міне, осы екі түрлі өзгешелік тармақтың ырғақтық кестесін 
қалыптастырады. Бұларды екі түрлі, екі тарау өзгешелік дейтініміз, оның 
бірі тармақтың сырт қалпын яғни өлең жолының ұзын-қысқалығын 
белгілесе, екіншісі тармақтың ішкі құрылысын яғни оның бунаққа қалай 
бөлінетінін айқындайды.
Қазақ тілінде өлең жолдары, тармақтар буынға негізделеті ні секілді, 
әр тармақтың ішіндегі бунақтар да буын санына негізделіп құрылады. 
Өлеңнің әр тармағы 2, 3, 4 буынды бунақтарға бөлінеді. 11 буынды 
тармақ үш бунақтан құралады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет