Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


Жаз Жерің анау – Жасыл жолақ кілемдей, Желің мынау –  Жігіт айтқан өлеңдей,  Күз



Pdf көрінісі
бет169/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Жаз
Жерің анау –
Жасыл жолақ кілемдей,
Желің мынау – 
Жігіт айтқан өлеңдей, 
Күз
Жерің анау –
Шала илеген терідей: 
Желің мынау – 
Дарымшының деміндей:
Қыс
Жерің анау –
Ақ кебенек, кебіндей, 
Желің мынау –
Ел күңіренген өлімдей. 
Көлің анау –
Той қып жатқан ауылдай:
Күнің мынау –
Елжіреген енеңдей.
Көлің анау –
Насыбайлы түкірік:
Күнің мынау –
Ауылнайдың мөріндей.
Көлің анау –
Көк пияла темірдей;
Күнің мынау –
Тұманды түк көрінбей.
Тұлпар, жүйрік, жорға
– ат туралы ұғым-түсініктермен байланысты 
алынатын нақышты сөздер мен бейнелеу тәсілдері қазақ поэзиясында да 
жиі кездеседі. Ондай бейнелі сөздерді тек әдебиеттен алынған үлгі-өнеге 
ғана деп санау қате болар еді. Поэзиядағы жүйрік ат, жорға, бәйге аты 
деген сияқты ұғымдар, оларға байланысты түрлі сипаттар тек дәстүрлі 
ұғым-түсінік, дәстүрлі көркем сөздер ғана емес, айналадағы өмір 
шындығынан алынған әсердің мол екені есте болу қажет. «Көкшетау» 
поэмасында Сәкен Сейфул лин Адақты бірде: «Жараған бәйгі кердей 
ықшам-сыптық», – десе, онан әрі: «Бәйге атша ширатады тұла бойын» 
немесе:
Бой жазып бәйгі кердей ойқастаған, 
Тұқырып мойнын кезек оңнан солға ап.
Орғыды бір бүгіліп, бір жазылып, 
Құлашын қарыштауға жолын болжап, – деп бейнеледі.
Осындай теңеуді кейіпкердің дене бітімі мен сымбатын, қозғалыс-
қимылын суреттегенде ғана емес, оның күй-жайын, сезімін айтқанда да 
қолданады: «
Тұлпардай кермедегі жер тарпыған. Тықыршып ауыздығын 
қаршылдатып
». Тұлпардың нақтылы әрекет-қимылын шебер бейнелеген 
ақын батырлардың жаяу жарысына түсе алмай, қаны қызып, делебесі 


306
қозып өзін-өзі күшпен тежеп тұрған жас жігіттің көңіл күйін айқын 
көрсетеді.
Осы күнгі поэзияда тұлпар жүйрік ат, жақсы ат деген мағынада 
айтыла береді, сондықтан ертегідегі, ескі жыр-қиссалардағы ерекше 
қасиеттері бар атты ғана тұлпар деп ұғу дұрыс емес.
Халықтық дәстүрді қолданып, ақындар жақсы аттың қасиетін адамға 
жанастыруды да шет көрмейді. Мысалы, 
тарлан
де ген сөздің аттың 
сипаты ретінде қолданылып ұнамды мағына алғаны сонша, тіпті кісіні 
де тарлан деп айта береміз. С.Дөнентаевтың «Үміт» атты өлеңінде 
«
тарлан үміт
» дегені де жатық болып шыққан. Ж.Молдағалиев «
тарлан 
халық», «тарлан күй», «тарлан жүрек
» сияқты сөз тіркестерін еркін 
қолданады: «
Көңіл құрғыр жоқтайды әлденені. Алар кезде асаудың 
ерін енді
».
Үнемі махаббат, қызық іздейтін жастық шағымен қоштасқан, той-
думаннан бой тежеп, есейген тұсын осылай етіп асаудың ерін алатын 
кезбен тұспалдау – қазақтың ұғым-түсінігіне үйлесімді шыққан. 
Ақындардың өлең-жыр, дастандарынан поэзия тілінің халық өмірінің 
өзгешелігіне сәйкес қалыптасқан бедер-белгілерін мол байқаймыз. 
Мысалы, «Күй» поэмасындағы «
жүректі жебе сауған мұңды 
дауыс
» немесе «Дала» поэмасындағы «
жер желіні иіп тұр
» деген 
секілді бақташылықты кәсіп қылған елдің тұрмысынан алынған 
әсерлермен тікелей байланысты туған бейнелі сөздерді атасақ та 
болады. І.Жансүгіров «Ресей жері» атты өлеңінде орыс даласының 
кейбір көріністерін қазақ тұрмысынан алынған әсерлермен қисынды 
ұштастырады.
Мұжықтың үйген маясы 
Көгендеген марқадай.
Жас жоңышқа форымы, 
Пішендіктің орыны 
Жасыл мәуіт-қамқадай. 
Соқа айырған қара жер. 
Туырылады қартадай.
Бұл сияқты теңеулердің орыс және басқа бауырлас халықтар өміріндегі 
жайларды қазақ ұғымына жақындатып көрсету жағынан үлкен мәні бар.
Ә.Тәжібаев Ұлы Отан соғысының жалынды жауынгері, полк ко-
мандирі болған Бауыржан Момышұлын «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет