Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет165/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі», жүректің 
суаты («Жүректің ақыл суаты
») деп, метафоралық әдіспен өте келісті 
бейнелейді. Мұндағы ақыл адамның арын, ұятын таза сақтайтын 
күзетшісі, қорғаны деуде қандай зор мағына жатса, ақыл жүректің, 
сезімнің суаты, оларды суаратын, нәр беретін сарқылмас күш деуде де 
өте маңызды терең ой бар.
Абай өзінің насихатын, ақыл сөзін елдегі талапты, зерек, «
сәулесі бар 
жігіттерге», «сөзді ұғарлық» жастарға арнайды («Үлгі алсын деймін 
ойлы жас жігіттер
»). Оларды айтқанда ақын осы келтірілгендерге 
қоса «
көкірегінде оты бар», «көңілінің көзі ашық», «көкірегі сезімді», 
«жүрегі – айна, көңілі ояу
» деген тәрізді сипаттауларды қолданады. 
Абайдың жастарға арналған өлеңдерінің бірі – «Әсемпаз болма әрнеге» 
талапкер жастардың бейнесіне тұжырымды, қысқа, бірақ терең мәнді 
метафора түрінде құрылған көркем анықтама беруімен бағалы. «
Сен 
де бір кірпіш дүниеге. Кетігін тап та, бар қалан
». Жәй қарағанда 
осының өзі қарапайым ғана салыстыру секілді көрінуі ықтимал, бірақ 
жастарға дүниенің бір кетігіне жарайтын кірпіш бол дегенді ақын аса 
зор әлеуметтік, қоғамдық мағына сиғызып айтып отыр. Өнерпаз, талапты 
жастар өмірдегі өз орнын тауып, өзінің қайрат-күші, ақыл-ойы кәдеге 
асатын жерді біліп, өрісті, биік мақсатқа қызмет етуі қажет деген ойды 
Абай шебер бейнелеп жеткізген. Бұл бейнелеу жастарды өнер-білімге, 
халыққа адал қызмет етуге шақыратын осы өлеңнің ой-желісіне негізгі 
тірек болып отыр. Сонымен бірге ол Абайдың өнер үйренуді, білім 


296
алуды уағыздағанда жас буынға қандай үлкен міндет артатынын айқын 
танытады.
Жас өспірім оқушыларды Абайдың 
көк өрім
деуі баланы 
балдырған
дейтін халық ұғымына орайлас келеді. «Бір сұлу қыз тұрыпты хан 
қолында» өлеңінде жас қыз бен кәрі шалды бір-біріне қарама-қарсы 
қойып: «Біреуі – көк балдырған, бірі – қурай. Бір жерге қосыла ма қыс 
пенен жаз» деп әдемі 
шендестіру
жасағанда да, ақын сол халықтық 
үлгіні ұстанған. Тағы бір өлеңінде Абай адал, ақ көңіл, қулық-сұмдықты 
білмейтін, иланғыш жастар жайлы сөз өте отырып, олардың балғын 
жастығын айтқанда метафоралық тәсіл қолданып, көгеріп тұрған «балы 
тамған жас қамыс» бейнесінде көрсетеді. Адамның балғын жас шағын 
айтқанда Абай халықтық поэзияда орын тепкен сөз нақыштарын да 
қисынын тауып пайдалана білген.
Абайдың махаббат лирикасында да халықтық әдеби дәстүрге 
сүйену мен жаңалық іздеу араласа тоғысып, үнемі ұштасып отырады. 
«Қызарып, сұрланып» атты өлеңінде ғашықтық сезімі бойын билеген 
жастардың – қыз бен жігіттің бір-бірімен қысылып, жүрексінген күйі 
тамаша суреттелген: «Қызарып, сұрланып... Пішіні құбылып... Жүрекпен 
алысып... Лүпілдеп жүрегі... Саусағы суынып...». Міне, бұл сипаттаулар – 
нақтылы шындықтың бұлжытпай, дәл тауып айтылған көрініс-белгілері. 
Қыз бен жігіттің осы сипаттаулардан көрінетін қалпын одан да әсерлі 
етіп, күшейте түсу үшін, ақын табиғат суретін жанастыра қа тар алады.
Жанында жапырақ,
Үстінде жұлдыз да,
Елбіреп, қалтырап,
Жігіт пен ол қыз да.
Жапырақтар да қалтырап, жұлдыздардың да сәулесі дірілдеп көрінуі 
айналадағы дүниені жас ғашықтардың дегбір таба алмай тұрған қалпына 
үндестіре алу талабынан туған.
«Қызарып, сұрланып» секілді өлеңдерінде жастардың көңіл күйін, 
жан сырын, сезімін өте нәзік көрсететін махаббат лирикасының жаңа 
үлгілерін туғызған Абай қазақ поэзиясында қалыптасқан қыздың 
портретін арнайы, бажайлап суреттеу тәсілінен бойын аулақ салмайды. 
«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты өлеңінде Абай сұлу қыздың 
портретін суреттеудегі халықтық үлгіні шебер қолданады. Осындағы 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет