Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет166/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

қақтаған ақ күмістей кең маңдай», «аласы аз қа ра көз», «ажымсыз 
ақ саусақ
» деген секілді ақынның қолтаңбасы айқын көрініп тұрған сөз 
нақыштарының өзі-ақ шығармадағы ақын тілінің айрықша суреттілігін 
дәлелдеуге жеткілікті. Сөйтсе де өлеңде қыз кескіні халықтың эстетикалық 
ой-санасында қалыптасқан сұлулық жайлы ұғым-түсініктерге сай 
бейнеленіп отырғаны ешбір талас туғызбайды.
«Білектей арқасында өрген бұрым» деген өлеңінде Абай халықтың, 


297
сұлулық, әдемілік жайлы ұғымдарының ұлттық өзгешеліктерін, терең 
көркемдік мәнін айрықша шеберлікпен ашып береді. Ұлы ақын бұрыннан 
қалыптасқан түсініктерді, сөз өрнектерін құр қайталай салмаған. Соларды 
пайдалана, қолдана оты рып, халықтың эстетикалық ой-санасындағы 
бағалы, құнды сипаттарды өзінің ақындық дүниетанымымен ұштастырып 
әкетеді. Өлеңдегі 
кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қас, қара көз, ащы ет, 
ашық жүз, бұраң бел, кішкене аяқ
сияқтылар сұлу қыздың портретінің 
бұрыннан қолданылып келе жатқан үйреншікті белгілері екені рас. 
Осыларды пайдаланғанда Абай ерекше ақындық қуат танытады. Мысалы: 
«Аласы аз қара көзі айнадайын. Жүрекке ыстық тиіп салған сайын».
Абайдың өмірдегі, табиғаттағы көркемдікті өте нәзік сезініп, шебер 
бейнелеп айта білетінін табиғат көріністерін жырлайтын лирикалық 
туындысы «Жазғытұры» өлеңінде жылдың осы мезгілінің елге 
жайлылығын айтқанда ақын: «
Анамыздай жер иіп емізгенде. Бейне 
әкеңдей үстіңнен аспан төнер
» деп, жерді мейірімді анаға, аспанды 
қамқор әкеге теңейді. Жерді ана бейнесінде алып қарау қазақ халқы 
ғана емес, басқа елдердің ой-санасына да тән нәрсе. Ал Абайдың басқа 
бір шығармасында «
атам-анам – қара жер
» деп айтылатынын да еске 
түсіреді. Сұлтанмахмұттың «Адасқан өмірде»: «
Жер-анада жететін 
тамақ жоқтан. Отыр ма адам бірін-бірі шайнап
» дейді. Аспанды 
әке бейнесінде көрсету де жайдан-жай алына салмаған. Аспанды әке 
деп түсінетін нанымның ерте кездегі, ежелгі замандағы адамның ой-
санасында орын алғандығын байқататын деректер бар. Абай соны өзінше 
жаңғыртып, ескі ұғым қалпында емес, тың сипаттағы суреттеу тәсілі етіп 
қолданып отыр.
Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынысты,
Құмары екеуінің сондай күшті. 
Күн қырындап жүргенде көп қожаңдап, 
Күйеу келді – ай, жұлдыз к.. .қысты.
Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп, 
Жан-жануар қуанар тойға елеріп. 
Азалы ақ көрпесін сілке тастап, 
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп...
Табиғат көріністерін осылай өте көркем, тартымды кейіптеу бейнелер 
жасап суреттей отырып, ақын қазақ өмірінің, сахара тіршілігінің 
шындық сипаттарын да айнытпай дәл түсіреді. Осындағы табиғат 
суретін тұтасымен алсақ та, 
күн – күйеу, жер – қалыңдық, күйеу келді
деген сияқты 
метафора
түріндегі бейнелі сөздерді алсақ та, қыста 
алыстағы қыстауларына кетісіп, жазғытұры жайлауда табысқан қазақ 


298
ауылдарының тұрмысы, сол ауылдағы күйеу, қалыңдықтың жайы, әдет-
әрекеті елестейді. Күннің күйеуше қырындауы, жұлдыз бен айдың күн 
жоқта кісімсіп, қожаңдауы, желдің тойдың хабаршысы болып жүруі 
және жердің қыстайғы қарының азалы ақ көрпе бейнесінде суреттелуі 
өлеңдегі табиғат көріністерінің қазақ даласының нақтылы тіршілік-
болмыс белгілерімен қаншалықты орынды қабысып жатқанын айқындай 
түседі.
Абайдың дүниежүзілік поэзияның ең тамаша туындыларымен тең 
түсетін лирикалық шығармаларының қатарында бұрынғы қазақ аулының 
көрініс-бейнесін суреттейтін «
Желсіз түнде жарық ай
» мен оған 
тақырыбы жағынан үндес «Жаз» атты өлеңін атауға тиіспіз. Өлеңнің 
көркемдік сапасын өте жоғары бағалаған І.Жансүгіров: «Абайдың 
жыры ырғақ, музыка құралысы жағынан төгіліп кетеді. Абайдың бұл 
өлеңіндегі бір ақындық өзгешелігі – ол өлең ұйқасындағы етістіктердің 
сайдың тасындай ірі, қимылды, қозғалысты көрсетуге жандылығы»
81 
– деп өлеңінің көркемдік қасиетін, әсіресе тіл, ұйқасындағы 
өзгешелігін дәл тауып, өте орынды айтқан. Ақын әр қозғалыс, қимыл-
әрекетті көзге елестетерліктей көрсетіп, сөзбен мүсіндеп отырған 
адамына немесе мал яки құсқа жан бітіріп, жансыз нәрсе болса, қолға 
ұстатқандай қып бейнелейді. «Жаздыкүн шілде болғанда» өлеңінің 
бұл ерекшеліктері шынайы өмірді оқушының көз алдына алып келетін 
реалист ақынның бейнелеу әдісін, теңдесі жоқ суретшілік шеберлігін 
жақсы танытады. «Жаз» өлеңінің Абайдағы ерекшелігі – бұнда да 
ақындық мәдениеті ірілеп, шеберленген көркемдікті, аңғарамыз. Барлық 
суреттер мен динамикалы қозғалыс-әрекеттер неше алуан бай құбылыс 
боп сипатталады»,
82
– деп Мұхтар Әуезов тегін айтпаған. 
Ақынның таңдаулы шығармаларынан халық поэзиясының өлең өрнегі 
мен сөз кестесіне жақындық белгілер табуға болады. Мұны жыр өлшемін, 
оның түйдек, ұйқасын өте ұтымды ширатып, өзінше қолдануынан бір 
көрсек, ұйқаста бірімен-бірі үйлес көп етістіктерді тізіп келтіруінен және 
байқаймыз. Етістіктерден құралатын ұйқастардың халық поэзиясында да 
кездесетіні мәлім. «Қыз Жібек» және «Алпамыс» жырларынан үзінділер 
алайық:
Солқылдады қара жер, 
Көк жорға ат басса, былқылдап 
Ұршықтай саны бұлтылдап, 
Құйындай шаңы бұрқылдап. 
Алмас қылыш белінде, 
81
Жансүгірұлы Ілияс. Абайдың сөз өрнегі. «Әдебиет майданы», 1934. № 11-12. 50-б.
82
Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы, 1947. 114-б.


299
Қолында найза қылтылдап. 
Төрт тұяқтан шыққан от 
Шақпақ тастай жылтылдап. 
Құлақ салсаң, дауысы, 
Тау суындай сыңқылдап. 
Қолтығынан аққан тер
Төгіледі шылқылдап. 
(«Қыз Жібек»)
Немесе:
Байшұбардай тұлпардың 
Ойынды еті бұлтылдап,
Төрт тұяқтан шыққан от, 
Шақпақ тастай жылтылдап.
Құлақ салсаң, дыбысы
Тау суындай сыңқылдап,
Қолтығынан аққан тер,
Тебінгіге сылпылдап...
(«Алпамыс»)
Жырдағы бұл ұйқастар Абай ұйқастырған сөздермен әуендес, ал 
кейбірі (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет