1.
Он бір буынды өлең.
Бұл – қазақ өлеңінің қашаннан келе жатқан
көне түрі. Есте жоқ ерте замандағы ауыз әдебиетінің әсем үлгілерінен
осы күнгі жазба поэзиямыздың ең соңғы туындыларына дейін, баяғы
суырып салма сөз сайысынан қазіргі қолма-қол экспромтқа дейін,
кешегі «Қаратаудың басынан көш келедіден» (Халық әні) бүгінгі
«Ассалаумағалайкум, Алатауыма» (Мақатаев) дейін он бір буынмен
жазылмаған өлең жоқ.
Қара өлең демекші, он бір буынды өлеңді Шоқан Уәлиханов үш түрге
бөліл, той-думанда, ойын-сауықта айтылатын, әр шумағы төрт тармақты
әзіл, әжуа, жұмбақ, айтыс өлеңдерін –
қайым өлең
,
«Қозы Көрпеш
– Баян сұлу» сияқты ұзақ дастандар мен хиссалар әуенін –
қара өлең,
60
Жұмалиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. Алматы, 1948;
Б.Кенжебаев. Қазақ өлеңінің құрылысы туралы. Алматы, 1955; З.А.Ахметов. Казахское
стихосложение. Алма-Ата, 1964.
205
өз тұсындағы ақындар қолданып жүрген өзге машықтың бәрін – өлең
атағаны
61
мәлім.
2.
Он буынды өлең.
«Алпамыс» жырының қарақалпақ вариантында:
«Айыл тартқаным бедеудің белі, ішкен сусыным Байсынның көлі», – деп
келетін он буынды өлең жолдары бар еді. Бірақ бұл қазақ поэзиясына
арнаулы өлшем ретінде шұғыл сіңіп кете қойған жоқ-ты.
4.
Сегіз буынды өлең.
Туған кезі тым әріде жатқанмен көнермей,
ажарына ажар қоспаса, әжім түсіруді білмей келе жатқан аса сұлу,
сырбаз, сылқым өлең. Бұл өлшемнің тамаша үлгілері атам заманғы ауыз
әдебиетінде де бар.
5. Жеті буынды өлең.
Академик Корш былай деп жазды: «Мейлінше
ықшам, мейлінше мол тараған, түрік жазу-сызуының тіпті көне
ескерткіштерінен кездесетін жеті буынды өлеңді хронологиялық
жағынан, сірә, бар өлеңнің басы деп білген жөн болар»
62
. Дәл осындай
пікірді академик Гордлев ский де айтты: «Түрік нәсілдес халықтардың
бәріне жаппай таралуына қарағанда, жеті буынды өлең түрік әнінің ең
негізгі және ең ескі өлшемі тәрізді»
63
. Осы тұжырымдар тегін емес.
Қыпшақ тілінің әлемге әйгілі тарихи ескерткіші «Кодекс
куманикустың» 1303 жылы көшіріліп алынған текстінің 1880 жылғы
Будапешт басылымында мынадай жұмбақ өлеңдер бар:
4 3
/Kockar muzi/ /kojurmak/
4 3
/Kojurimakdan/ /kojur-іг/
4 3
/Tege musi/ /tjyrmak/
4 3
/Tiyrmnakdan/ tiyrmak/
Егер біз қазақ тілі түрік нәсілдерінің қыпшақ тобына қосылатынын
мойындасақ, қыпшақ сөздігіндегі өлеңнің мынадай 7 буынмен жазылуын
тағы да тегін дей алмаймыз.
Қазақтың тума, төл әдебиетіне келсек, оның фольклорлық үлгілеріндегі
7 буынды жырдан аяқ алып жүре алмайсыз. Өлеңді мақалдар мен
мәтелдердің, нақылдар мен жұмбақтардың көбі 7 буынды болып келеді
және бұл өлшемнің ырғағы әр күйге бір түсіп, құбылыл тұрады.
61
Валиханов Ч.Ч. Соч., СПБ, 1904. стр. 227-228.
62
Корш Ф. Древнейший народный стих турецик племен. СПБ, 1906. стр. 26
63
Гордлевский В. Из наблюдений над турецкой песнью. «Этногра¬фическое обозрение»,1908.
кн. 79. № 4, стр. 69.
206
Батырлар жырының көптен-көбі жеті буынмен жазылған. Ақпа-төкпе
жыраулар, суырып салма ақындар – бәрі де жыр жырлаған. Ал жыр
үлгісінің жазба әдебиетіміздегі жетілген, ұстарған түрі әрине, Абайда бар.
Достарыңызбен бөлісу: |