»
дастан – адам жайлы, адамның сұлулығы мен ұлылығы,
асылдығы мен батырлығы хақындағы гимн:
195
Зұлымдық көзін жоқ қылмай келсем –маған сын,
Жауыңмен өзің айқасып өлсең – Адамсың
52
.
Осынау екі жолдың өзінен бұдан төрт мың жыл бұрын өмір сүрген
адамдардың абзал һәм асқақ мінезін, адамға тән асыл қасиет, сұлу сипат –
ерлік, өрлік, қайсарлық туралы түсінігін, моральдық-этикалық идеясын,
эстетикалық идеалын байқау қиын емес. XVII ғасырдың орта тұсында
Баумгартен «Эстетика» деп ат беріп, айдар таққан әдемілік туралы
ілімнің түп тамыры жалпы өнер тарихының тұңғиық тереңінде жатыр
дейтініміз сондықтан.
Тигр мен Евфрат маңында Гильгамеш батыр жырға айналған сол б.э.б.
XX ғасыр шамасында Инд пен Ганг жағалауындагы көне үнді жұрты
жалпы көлемі «Илиада» мен «Одиссеяға» барабар 1028 гимн шығарып,
оларды «Ригведа» атанған он кітапқа топтастырып жатты. Гимндердің
классикалық қопарылмалы тіліндегі әсем айшық-өрнектерге, лирикалық
толғаныстарға, көркем образдарға қарағанда үнді халқында тіпті
«Ригведага» дейін де ғасырлар бойы дамып, жегіліп келген сөз өнері
болғанға ұқсайды.
«Ригведа» гимндері арқылы қалыптасқан әдеби дәстүр, эстетикалық
талғам тағы бір мың жыл өткен соң үңді халқының әлемге әйгілі ұлы
дастаңдары «Махабхаратаға», одан келе «Рамаянаға» ұласады.
«Махабхарата» – керемет көркем ескерткіш; дастанның он тоғыз
кітабындағы өлең көлемі – екі жүз он төрт мың жол яки «Илиада» мен
«Одиссеядан» (екеуін қосып еселтегенде) сегіз есе артык.
«Махабхаратаның» бір алуан («Наль туралы») аңызын кезінде
В.А.Жуковский аударып, оның көркемдік құнын В.Г.Белинский жоғары
бағалағаны мәлім. Осы фактінің өзі-ақ көне үнді поэтикасында әжептәуір
эстетикалық талап және
талғам
болғанын аңғартады. Екі поэмадағы бас
кейіпкерлер «Махабхаратадағы»
«Кришна, «Рамаянадағы» Рама
мифтік
нанымдар
тұтқынында бұлыңдап, құдайға баланған қалпында қалып
қоймайды
,
жерге түседі, кәдімгі жер басып
жүрген адам бейнесінде
суреттеледі. «Рамаянаның» 2, 6-кітаптарындағы суреттеулер мен
баяндаулар
әрі шынайы әрі
шыншыл. Осыған қарағанда, я болмаса
поэманың көркемдік ерекшеліктеріне (лиризмге, символға, суреттілікке,
т.б.) қарағанда, көне үнді поэтикасында әжептәуір эстетикалық принцип
және жүйе болғаны кәміл.
Қысқасы, эллада эстетикасынан жүздеген жылдар бұрын көне үндінің
көркемдік көзқарасы туып, қалыптасқан; сол арқылы үнді поэтикасының
өзгеше заңы, ережелері белгіленген. Ол заң, ереже бойынша, үнді
жазушылары өздерінің көркем шығармаларын әрқашан тек «Ригведа»
52
Эпос и Гильгамеше. М., Наука, 1961. стр. 52.
196
гимндеріндегі, «Махабхарата» және «Рамаяна» дастандарындағы
сюжеттер мен образдар негізінде ғана жазуы шарт болған. Мысалы,
Калидаса өзінің «Шакунтала» (орыс тіліне алғаш аударған Н.М.Карамзин
–
З.Қ.)
драмасын «Махабхаратаның» бір эпизодына құрса, одан 1100 жыл
кейін Тулси Дас (XVI г.) «Рамаяна» сюжетін негізге алып, «Рамаяна яки
Рамачаритаманаса» деген поэма жазған.
Өнер мен эстетика мәселелерін өзінше байыптаған көне дүние
ойшылдарының бірі Сократтың шәкірті Платон (б.э.б. 427-347 жж.).
Әдемілік туралы Платон теориясының философиялық негізі оның
бұлжымас, бақ «идеялар» жайлы идеалистік және мистикалық ілімімен
тығыз байлаиысты. Сөйте тұра, жалпы эстетикалық қисын-қағидалардың
қалыптасуында Платонның орны айрықша деп білген жөн.
Платон өзінің «Үлкен Иппий» диалогында әдеміліктің анықтамасы
ретінде мынадай уағыз ұсынады: жарамды нәрсе – пайдалы нәрсе;
пайдалы нәрсені тәуір көресің; тәуір көрсең – қуанасың; қуаныш дегенің
көз бен құлақ арқылы келетін рақатты түйсік: әдемі адамдар, әр алуан
әшекейлер, ұлағатты сөздер, әсерлі әңгімелер, музыка, сурет, зергерлік
іс, зерделі әрекет, т.б. осылар секілділердің бәрін көресің де естисің,
қуанасың да рахаттанасың. Ал ішу, жеу, тағы сондай түйсіктер адамды
қанша рақаттандырғанымен әдемі емес, әшейін ұнамды ғана нәрсе!
Бұдан шығатын қорытынды «сұлу нәрсе – сүйкімді нәрсенің көзге
көрінер, құлаққа естілер бөлегі»
53
. Платонның музыкадағы үш түрлі
ырғақ, әдебиеттегі үш түрлі суреттеу тәсілі жайлы пайымдаулары да бізге
осы секілді тым «жабайы, адам нанғысыз (дәлірек айтқанда: сәбилік),
қисынсыз болып көрінеді»
54
, бірақ осының өзінде көне гректің поэтика
жайлы таң қаларлық ұғым-түсініктері жатыр. Платонның эстетикалық
көзқарастарында «сәбилікген» гөрі өзгешелеу жат пікірлер де жоқ емес.
Софист Горгийдің поэзияны – алдамшы нәрсе деген пікірін құптай келіп,
ақынды өтірікші ретінде түсіндіруі – аса ағат нәрсе.
ІІІ
Платонның әдемілік жайлы идеалистік көзқарастарын қатал сынға
алып, өзінің тың және терең эстетикалық толғамдарын қалыптастырған
ұлы ойшыл Аристотель (б.э.б, 384-322 жж.) еңбегінің бүкіл дүниежүзілік
әдебиет пен өнер тарихында теңдесі жок.
Аристотельдің «Поэтикасы» – өнер туралы тұңғыш философиялық-
эстетикалық трактат. «Поэтика» өз кезегінде жүйеге түскен бірден-
бір әдебиет теориясы. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні,
53
Античные мыслители об искусстве. ГИХЛ, М., 1938. стр. 38.
54
Ленин В.И. Шығармалар толық жинағы. – Алматы, Қазақстан. 1954. 38-том.196-197 бб.
197
әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Көркем
шығарманың көп-көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс,
шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия,
т.б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған
жоқ. Аристотель еңбегінің ең құнды жері тарихта түңғыш рет дұрыс
және дәл эстетикалық прин цип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын
анықтап ашуында деп білу керек. Әрине, қазіргі өнер мен әдебиеттің
келелі мәселелерінің бәріне, әсіресе әлі күнге даулы қалыпта тұрған
проблемаларға бір ғана Аристотельден жауап іздеу ағат. «Поэ тика» – грек
әдебиеті мен өнерінің классикалық дәуірінен қалған бірден-бір жүйелі
байыпталған поэзия теориясы.
Бір нәрсені білу артық емес:
поэтика
деген сөз біздің бүгінгі теориялық
түсінігімізде көркем творчество немесе сез өнері туралы
ғылым болса,
Аристотель поэтиканы сол әдеби творчествоның яки сөз өнерінің өзі деп
түсінген. Демек, Аристотельдің «Поэтикасы» – өнер туралы ойлар.
Аристотельдің эстетикалық принциптерінің ең түйінді тұсы:
өнердің мақсаты – ақиқатты тану, ал ақиқатты тану жолы – адамның
мінезі мен ісін суреттеу деген даналық қағидасы. Оның «Поэтикасын»
Лессингтің «Евклид элементтеріндей мінсіз шығарма» деп таңдануы,
Чернышевскийдің Аристотель эстетикасы «2 мың жылдан астам уақыт
үстемдік құрғанына» тамсануы сол қағидалы жайларға байланысты еді.
Өзінің өнер жайлы теориялық поэмасында Гораций ақындар алдына
адам таң қалғандай дұрыс эстетикалық талаптар қояды. Олардың көбі
күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Оның талабы бойынша,
өнер туындысының бәрінен бұрын көркемдік сапасы жоғары болуға тиіс.
Әрине, дейді Гораций, жер үстінде, айталық, юрис консульт секілді, «әрі
тарт, бері тарты» жоқ, орта қолдықты қалайтын кәсіп не мамандық болады.
Ал ақынға «орта қолдықты адам түгіл, ағаш та кешірмейді»; поэзия –
аса нәзік әрі биік зат. Тебе білмейтіндер жұртқа күлкі болмау үшін допқа
жуымайды дейді Гораций әрі күліп, әрі қынжылып, ал өнер дегеннің не
екенін білмейтін жарықтықтар өлімін сатып, өлеңге жармасатыны несі?..
Горацийдің жаңа жаза бастаған жас қаламгерлерге берер ақылы
– асықпау, жазып сақтап қою, біраз уақыт өткен соң оған қайта оралу,
жөндеу, қайта жазу, тағы жөндеу, оқырман жұртқа әбден қапым жоқ
дегенде ғана ұсыну. Қысқасы, көне дүние ойшылдарының ішінде Квинт
Гораций Флакк эстетикасының орны айрықша.
Отанымыздың жер-суын мекендеген бір кездегі ата-бабалар
тарихына үңілсек те сұлулық сымбат жайлы, жалпы мәдениет туралы
ескерткіштерге, көне мұраларға көз салсақ, Урартудың әйгілі қаласы
Мусасир архитектурасы, сол секілді скиф қалаларының сұлулығы мен
байлығы туралы көптеген көңіл аударар мәліметтер ұшыратамыз. Бұлар
да, сөз жоқ, өз кезінің көркемдік көзқарастарын белгілеуде біраз рөл
атқарған.
198
Орта ғасыр тұсындағы билеуші тап – феодалдар мен клерикалдар,
қоғамдық сананың мұрындығы – діни схолас тика болғаны тарихтан
мәлім. Философияны теология жұтқан орта ғасыр реакциясының тұсында
«айналада алтын тасқындап, қылыштар қарш ұрысып, қара түнек
инквизиция өрті алаулап жатты» (Маркс). Мұндай жағдайда әдебиет,
өнер мен эстетика дамуына ешқандай мүмкіндік жоқ-ты; олардың бәрі
фанатизм шырмауында, мистика құрсауында, инквизиция бұғауында
қалды.
Орыс мәдениетінің тарихына қарасақ, феодализм түнегінің астында
аздаған әлсіз ұшқындар тәрізденіп, халықтық ауыз әдебиетінің
өрбігенін көреміз. Бұлардың ең құндысы
–
«Игорь полкы туралы сөз».
Ал қазақтардың әдемілік жай лы ұғымдары бұл тұстарда тек жақсылық
туралы (этикалық) түсініктерінен ғана еміс-еміс аңғарылғандай. Оның да
бар белгілері халықтық эстетикада жатты.
Дәл осындай жағдайда қазақ топырағында, атап айтқанда,
Достарыңызбен бөлісу: |