Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


келтірушілер қаптап кеткені мәлім. Осы шытырманның  бәрін ойдағыдай шешкен тек атрибудиялық әрекеттер ғана. Историография



Pdf көрінісі
бет118/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

 
келтірушілер қаптап кеткені мәлім. Осы шытырманның 
бәрін ойдағыдай шешкен тек атрибудиялық әрекеттер ғана.
Историография
 

 
әдебиет теориясының, тарихының, сынының 
ғасырлар бойғы дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер 
мен материалдар жинағы. Мұның өзі, көбіне, бірыңғай ғылыми мақсат 
үшін керек. Әдебиеттің теориясы, тарихы, сынына қатысты қандай 
арнаулы мәселе болсын, оны зерттеудің көлемі мен тереңі, мәні мен 
маңызы сол мәселені историографиялық материалының мөлшері мен 
мазмұнына қарап белгіленеді.
Библиография
 

 
көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы 
ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен 
сілтемелер жиынтығы. Бұл да, көбіне ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиет 
пен әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болсын, оған 
қажет нақты материалдардың – текстер мен тексерулердің, сын-мақалалар 
мен зерттеу еңбектерінің бәрін библиографиялық көрсеткіштер мен 
анықтамалар арқылы іздеп тауып, пайдалануға болады.
Әдебиеттану жайлы, оның ғылыми салалары жайлы, әрбір ғылыми 
саланың өзара нық байланыстары жайлы яки «заттың тарихы жоқ жерде 
заттың теориясы жоқ, ал заттың теориясы жоқ жерде оның тарихы туралы 
тіпті сөз болуы мүмкін емес, өйткені ондай жағдайда зат туралы, оның 
мағынасы мен шегарасы туралы мүлде ұғым болмайтыны»
51
жайлы 
айттық.
Әдебиеттану
 

 
қоғамдық ғылымдар ішіндегі өзіне тән өзгешелігі 
орасан мол, қиын әрі күрделі ғылым.
Бальзактың өзін француз қоғамының «мінез-құлықтар тарихын 
жазатын хатшысымын» дегенін еске алсақ, дәл осы арада әдебиеттанудың, 
әлгі айтқанымыздай, «қиын әрі күрделілігін» дәлелдейтін айрықша 
бір сыр жатқанын аңғарғамыз. Сонымен адам қоғамының жалпылама 
тарихын жіпке тізу бір бар да, сол тарихты әр алуан тірі кісілердің 
қилы-қилы құлкы мен құштарлығының тіліне аударып, келер ұрпақа 
сол сан-сапа адам қоғамының бүкіл сезім мен парасат байлығын қаз-
қалпында, мәңгі-бақи бусанған жаңа, таза, жас күйінде жеткізу, жеткізіп 
қана қоймай, осынау сезім мен парасат шарапатын әркімнің қабілетіне 
қарай бойына дарыту өз алдына бөлек. Бальзак жазушыны «қоғамның 
хатшысы» дел қана қоймай, «адам атаулының ұстазы» деп тегін атамаған. 
Әдебиет пен әдебиеттанудың осындай тарихи миссиясы әрі нәзік, әрі 
терең зерттеу міндетін өзіне жүктеген ғылым, сөз жоқ, қиын әрі күрделі 
ғылым. Сондықтан да, бұл ғылым бүгінгі «жаңаша ойлау» тұрғысынан 
туып, қалыптасуға тиіс жаңа методология негізінде төрт аяғын тең басқан 
құнарлы күйге бірден жете қойған жоқ.
51
Чернышевский Н.Г. Эстетика и поэзия. СПБ, 1893. стр. 112.


194
Әдебиет туралы ғылымның, оның ғылыми жұрнақтарының тұңғыш 
туу тарихы тым әріде жатқаны мәлім. Қай халықтың тарихын алсақ 
та бәрібір, оның баяғы бабалар дәуірінен басталатын ауызекі көне 
әдебиетінің туу, қалыптасу, даму кезеңдерінің әр тұсында сөз өнері 
туралы толғамдар туып, кейбір эстетикалық талғамдар белгіленген. 
Олар кейін әр сипатта, әр жолмен, қоғамдық таптар пайда болған 
тұстарда тіпті әр алуан таптық ағым мен бағытта өрбіп отырған.
Әдеби толғам мен эстетикалық талғамды біз жайдан-жай қатар 
алып отырған жоқпыз. Әдебиеттану мен эстетика – өзара байланысты, 
бірімен-бірі аралас жатқан, бірге туып, қатар қалыптасып, тіпі, бірін-
бірі толықтырып, тереңдетіп, дамытып келе жатқан егіз ғылым. Демек, 
сөз өнері жайлы ғылымның даму кезеңдерін көз алдымыздан өткізе 
қалсақ, жалпы өнер туралы ілімнің қалыптасу тарихы да жанамалай 
жарысып, айтар ойларымызға араласа кетіп отырары заңды деп білу 
керек.
II
Сөз өнері жайлы топшылаулардың туу тарихын, жалпы өнерге тән 
қасиет (әдемілік) хақындағы қағидалардың қалыптасу тарихын әдебиет 
пен өнер зерттеуші ғалымдар біздің эрадан бұрынғы (бұдан былай 
«б.э.б.» деп, қысқартып алып отырамыз – 
3.Қ
.) VI ғасырдан яғни Пифагор 
тұсынан бері қарай тұтастыра жүйелеп жүр. Дұрысында адам баласының 
көркемдік талғамының алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған 
ғасыр бұрын, Нил мен Нигер, Хуанхэ мен Янцзы, Инд мен Ганг, Tигp мен 
Евфрат жағалауларын мекендеген көне халықтардың рухани өмірі мен 
өнерінен пайда болған.
Вавилон жұртының «Көрмегені жоқ кісі туралы» дастаны немесе көне 
үнді халқының «Ригведа», «Махабхарта», «Рамаяна» жырлары тәрізді 
еңбекші бұқараның жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерге 
бақсақ, адам баласының сөз өнері, соған сабақтас көркемдік пен 
көріксіздік, ерлік пен ездік, жақсылық пен жамандық» білімдарлық пен 
надандық туралы талаптары мен талғамдары тіпті б.э.б. 3-2 мыңыншы 
жылдарда туып, тұрлаулы ұғымға айнала бастағанын аңғарамыз.
«Көрмегені жоқ кісі туралы» дастан – бірінші вавилон династиясы 
тұсында яғни б.э.б. 2 мыңыншы жылдар шамасында туған батырлық 
поэма. Мұнда Урук қаласының патшасы Гильгамеш, оның досы Энкиду, 
олардың ерлік істері жырланады (И.М.Дьяконов аударып бастырған 
варианты «Гильгамеш туралы эпос» деп аталады – 
З.Қ.).
«Көрмегені жоқ 
кісі туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет