үш саласын
жете білуімен бірге нағыз ойшыл фило соф, толғамды тарихшы, жетік
«этик, экономист, саясатшы, социолог
болмасқа тағы қақы жоқ»
49
.
Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда сөз болған негізгі салаларынан
басқа жанама тараулары бар:
текстология, историография және библиография. Текстология – әдеби туындылардың тексін (мәтінін) зерттеп,
танудың принциптері мен методикасын жинақтайтын арнаулы ғылыми
пән. Текстология көркем шығарманың тұрақты түпнұсқасын белгілейді,
оның автор қолымен жасалған ақтық редакциясын анықтайды, әр
алуан вариантын өзара салыстырады, әр басылымын автографпен
салыстырады, текстің автор еркінен тыс қыскарған жерлері немесе
бөгде қолмен орынсыз өзгертілген тұстары болса, қалпына келтіреді,
түпнұсқаны көшіріп басқандар мен әріп терушілер тарапынан кеткен,
ең арғысы, емле қателері болса да ұқыптылықпен түзеп отырады. Бұл
ретте «текстологияның ең негізгі, өзекті мәселесі екеу: бірі – ғылыми
мақсатпен, екіншісі – практикалық мақсатпен байланысты»
50
.
Текстологияның өзі түпнұсқадан транскрипцияға дейін тексеретін
«Текстің туу сыры» автордың о бастағы ой қазығынан ақырғы жөндеуіне
дейін зерттейтін «Текстің тұрақтану тарихы», әр нұсқаның терілуінен
бар туындының рет-ретімен түзілуіне дейін бақылайтын «Текстің басылу
түрлері» деп аталатын үш бөлімнен құралады. Бұл бөлімдердің қай-
кайсысында да көркем әдебиетке деген айта қалғандай әділ көзқарас,
асқан жауапкершілік жатады. Мысал ретінде
атрибуция деген тарауын
алып қарасақ, зерттеушіге тән аса қызық ғылыми әрекеттерді көруге
болар еді. Бұл – текстологияның қым-қиғаш, қиын да тарауы; мұнда автор
белгісіз шығармалардың дұрыс-бұрыстығы; бүркеншік есім немесе лақап
ат дегендердің кім екені тексеріледі. Айталық, сонау көне дүние тұсында
«Илиада» мен «Одиссеяның» Гомердікі екеніне күмән туғаны, одан келе
XVIII ғасырда «Гомер мәселесі» қайта көтерілгені, XIX ғасырдың орта
тұсында «әшейін актердан данышпан драматург қайдан шығады» деп,
49
Луначарский А.В. Критика и критики. М., ГИХЛ, 1938. стр. 11.
50
Томашевский Б.В. Писатель и книга. М., Учпедгиз., 1959. стр. 31.