Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет109/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Реалистік образ
– әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы 
түрі. Мұның сымбаттылығы да, шынайылығы да шыншылдығында; бұл 
кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, 
әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып 
отыратын тип. Дұрысында, образ атаулының айрықша мағыналы, мәнді 
түрі де осы – реалистік образ. Өйткені бұл образдың эстетикалық идеалы – 
романтикалық образдағыдай бұлыңғыр емес, анық, адам қолы жетпейтін 
тым асқақ, алыс емес, қолмен ұстап, көзбен көргендей затты әрі жақын 
нәрсе. Сондықтан реалистік образдың эстетикалық-тәрбиелік мәні де, 
қоғамдық-өзгертушілік күші де айрықша үлкен. Мысалға Т.Ахтановтың 
«Боран» романындағы Қоспан образын алып қарайық. Бұл – кәдімгі 
адам, өзіміз өмірде күнде кездестіріп жүрген қарапайым көптің бірі. 
Реалистік образ – нанымды образ: оның мінез-құлқы, іс-әрекеті, оны 
қоршаған орта, оның басынан өтетін оқиға... бәрі өлшеулі, бәрі мөлшерлі. 
Өйткені суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен 
шығармайды, өзін-өзі меңгеріп, қажетті жерде ылғи іркіп отырады.
Реалистік образ – типтік образ. Ол бізге күнде көріп жүрген етене 
таныс секілденгенмен – «таныс бейтаныс» көптің бірі көрінгенмен – 
бірегей. Өйткені өнердегі шыншыл образ өмірдегі бір адамнан ғана 
көшірілген жоқ, бірнеше адамнан жинақталып, творчестволық қиялға 
суарылып шығарылған. 
Дегенмен реалистік образды романтикалық образға қарсы қоюға 
болмайды. Маңдайалды прогресшіл әдебиетте образдың жоғарыда 
сипатталғандай екі түрі бірін-бірі толықтыра, бір эстетикалық мұрат 
мақсатында егіз-қатар өмір сүруге тиіс.
Көркемдік әдіс секілді, әдебиеттің тегі туралы мәселені де біз осы 
еңбектің үшінші бөлімінде таратып талдамақпыз. Бұл жолы, жалғыз-ақ, 
осынау әдеби тектер (эпос, лирика, драма) тұрғысынан анықтағандағы 
образдың үш түріне, бұл үшеуінің ерекшелігіне ғана азырақ назар 
аударып өтпекпіз.
Эпикалық образ
– кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас 
көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Мүсіндеу 
мен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен харакеттерді 
суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілдері әсіресе 
эпикалық образ үшін керек. Өйткені мұнда адамның түр-түсін де, ішін 
де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге, терең әрі жан-жақты танытуға 
мүмкіндік бар. Оған эпикалық шығарманың өрісі де, құшағы да еркін 
жетіп жатыр.
Эпикалық образ – бедерлі бейне; әрі нақты әрі затты тұлға; кәдімгі 
тірі кісідей өзін көзбен көруге, сөзін құлақпен есітуге, мінезін ұғуға, 


177
қимылын бақылауға болатын, бүкіл өмір жолын бар бұралаңымен 
байқауға, өскен ортасын барлық ой-қырымен байыптауға болатын 
күрделі, кесек қаһарман.
Лирикалық образ
– сыршыл, өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі; 
оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл күйінен – нәзік сыры мен 
сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер. Мұнда, эпикалық 
образдағыдай ұзақ, кең, мол суреттеліп, жан-жақты ашылған адамның 
сыртқы кескін-кейпі де, қым-қуыт шиеленісіп жатқан тағдыры немесе 
іс-әрекеті мен қимыл-харекеті де тұтасып көріне бермеуі мүмкін. Оның 
есесіне адамның аса терең әрі нәзік ашылатын ішкі сыры, мінез-құлқы, 
жан-тынысы айрықша әсем айшық табады.
Атың Сана, көзің қара гөзәл қыз,
Жыр жаздырдың жүрегімнен амалсыз:
Мен кетермін, альбом ашып қарарсыз,
Ақын қазақ ағаңды еске аларсыз.
Тавриз – Баку аспанында күн Сана,
Күміс Каспий жағасында гүл Сана;
Жүрегің мен жүрегімді бір сана,
Айтарым көп, айтқызбай-ақ біл, Сана.
( Қ.Аманжолов)
Лирикалық каһарман
деген термин маңында талас та жоқ емес: 
біреулер мұны А.Белыйдың лирикалық «мен» суреттелер санадағы 
«біз» деген бұлыңғыр бірдеңесіне сайып, қарсы болса, енді біреулер 
А.Блоктың лирикасына байланысты Ю.Тынянов өте орынды енгізген 
термин деп қолдап шығады. Сондай-ақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет