Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет98/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

ДРАМАЛЫҚ ЖАНРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Драмалық жанр 
трагедия, драма, комедия
болып үшке бөлінеді. 
Бұлар өзара суреттемек болған оқиғасын және оқиғаға қатысушыларды 
талғап алу түріне қарай айрылады. Көркем шығармалар түрлі 
оқиғаларды, күресті көрсетеді. Көздеген өз мақсаттарына жету 
үшін, қатысушылар бір-бірімен, ішкі (психологиялық) және сыртқы 
бөгеттермен күреседі.
Трагедия 
(грекше – 
tragos
– ескі, 
öde
– ән, жыр). 
Трагедия
сахнаға 
арналып жазылады, көрсетілетін күрестің өзгешелігі, автордың 
пікірінше, кездесетін қиыншылықты жеңіп болмайтын тәрізді. 
Трагедияның көпшілігі қаһарманның өлімімен аяқталады. Адамның 
жолындағы «жеңуге болмайтын» ең қорқынышты, ең маңызды 
күштер қайсы, ол жазушының өмірді қалай танитындығына, таптық 
көзқарасына байланысты. Әр таптың, жазушысы «жеңуге болмайтын» 
қиыншылықтарды өзінше түсінеді. Ескі гректердің трагедияларында 
(мысалы, Эсхилдің трагедиясында) жазмышпен, тағдырмен күресте 
қаһармандары өлім табады.
Жаңа дәуірдегі трагедияның жазушысы Шекспир бол ды. Шекспир 


145
– XVI ғасырдың аяғы XVII ғасырдың басында Англияда феодализмнің 
құлдырай бастаған дәуірінде өмір сүрген жазушы. Ол феодализмнің 
құлдырауын өзінің үздік трагедияларында көрсете алды. 
Трагедия адамның жеңуіне болмайтын, адамның күшінен тыс 
күштермен күреседі. Мысалы, М.Әуезовтің «Түнгі сарыны»
Драма.
Белгілі бір мезгілде, белгілі бір жағдайда болған ауыр халді 
суреттейтін, сахнаға арналып жазылған шығармалар – 
драма
. Драма 
– сахнаға қоюға лайықталып жазылатын драмалық жанрдың бір түрі. 
Драмаларда әлеумет өміріңде кездесетін үлкен, ауыр халдермен қатар 
салт-тұрмыста күнбе-күн кездесетін күлдіргі жайттар да ұштастырыла, 
араластырыла көрсетіледі. Драмадағы қиыншылық мезгілімен, белгілі 
бір жағдаймен байланысты болып келеді. Трагедияда күлкінің кездесуі 
шарт емес, комедия түгел дерлік күлдіргі оқиғаға құрылады, өлім мүлде 
болмайды. Драмада бұл екі элементтің екеуі бірдей кездесе береді, 
сондықтан бұл трагедия да, комедия да емес, өзінше бір түр болып 
есептеледі. Тарихи жағынан алғанда драма трагедия мен комедиядан 
кейін туған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет