Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет96/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Ұсақ әңгіме немесе новелла 
(итал. 
novella
– әңгіме). Қара сөзбен 
баяндалған, көлемі шағын ғана қысқа шығармалар новелла немесе 
ұсақ әңгіме деп аталады. Қиял араластырып баяндайтын көлемі шағын, 
легенда деп аталған әңгімелерді біз орта ғасырдағы феодал әдебиетінен 
де кездестіреміз. Ал новелланың дәуірлеп өскен кезі буржуазия қоғамы 
кезінде болды. Новеллалардағы оқиға әрдайым шын бола бермеуі мүмкін, 
бірақ новеллада оқиғалар өмірде болған нәрсе сияқтанып көрсетіледі. 
Ғ.Мүсіреповтің ана туралы әңгімелері – ұсақ әңгіме, новелланың 
қазақ совет әдебиетіндегі көрнекті үлгілері.
Ұзақ әңгіме.
Баяндау арқылы қара сөзбен жазылған көлемі орташа 
шығармалар 
ұзақ әңгіме
(повесть) деп аталады. Романмен салыстырғанда, 
ұзақ әңгімеде эпизодтар аз және алған оқиғаларының көлемі де шағын 
болады. Ұзақ әңгіменің (повестің) мысалы: Пушкиннің «Капитан қызы» 
Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлуы», т.б. 
Роман мен ұзақ әңгіменің арасындағы шекараны, өзгешелікті дәл 
мынау деп үзілді-кесілді айта қою қиын. Ұзақ әңгімелер негізінде бір 


143
не екі сюжеттік линияға негізделінеді, өмір құбылысы романдағыдай 
онша терең суреттелмейді, ең керекті, ең негізгі деп санаған мәселелерді 
қамтып, бірінші орынға соларды шығарады. Қазақ совет әдебиетіндегі 
Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ», 
«Миллионері» сәтті жазылған ұзақ әңгімелердің тобына қосылады.
Сатиралық ертегілер.
Эпостық шығарманың және бір қысқаша 
түрі – сатиралық ертегі. Сатиралық ертегілерде қоғамдық қатынас 
фантастикалық түрде баяндалып, мысқылмен суреттеледі. 
ЛИРИКАЛЫҚ ЖАНРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Лирикалық жанрдың да өзара түрлері бар. Бұл түрлер көрсетпек болған 
өмір құбылыстарын қалай суреттеуі, ақынның көңіл күйі қалай берілуіне 
байланысты. Бұл жанрға тән ақынның дүние танушылығы, көзқарасымен 
өзінің ішкі сезімін, күйініш-сүйінішін дайым ұштастыра жырлау десек, 
айырмасы, жоғарғы айтылғандар тәрізді, қалай жырлауында ғана. Кейде 
шаттық, қуаныш, асқақтықты білдірсе, кейде мұң, зарды, кейде көңілдің 
бей-жай қоңыр күйін сездіруі мүмкін. 
Ода 
(грекше – 
öde
– 
ән, жыр
) – XVIII ғасырда дворян әдебиетіндегі 
лирикалық шығарманың негізгі бір түрі. Бір таптық топтың ең керекті 
санаған адамы не нәрсесі туралы ақынның өте қуанышты, өте көтеріңкі 
тілмен жазған лирикалық өлеңдерді ода деп атайды (әскердің жеңуі, 
сарайда болған мейрам, т.б.). Россияда ода жазушылар Ломоносов, 
Державин, т.б. 
Қазақ хандарының дәуірлеп тұрған кезінде ханның қасындағы 
ақындардан ода шығарушылар көп болған. Жәңгірдің хан боп тұрған 
кезінде ханның сарай ақыны болған Байтоқ ақынның одаға жататын 
бірнеше өлеңдері бар.
Элегия 
( грекше – 
elegos
– мұң). XVIII ғасырдың аяқ кезі XIX ғасырдың 
бас кезінде пайда болды. 
Элегия
– өзінің жай өмірімен байланысты, 
басында болған күйініш-сүйініштерді (сүйіспендік, табиғат күйін, т.б.) 
суреттеген шығармалар. Элегияда көңілдің қайғысын суреттеу өте жиі 
ұшырайды, сондықтан элегия қайғылы өлең деген түсінік туды. 
Қазақ әдебиеті тарихын алсақ, элегияның күшейген кезі – XIX 
ғасыр. Қазақ хандығы жойылып, отарлау саясаты күшейіп, қазақтың 
ескі феодалдық өміріне өзгеріс кіре бастағанда кей қазақ ақындарының 
ішінде Шәңгерей ақынның көп өлеңдері элегияға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет