146
«Айман-Шолпан» пьесасы комедияның юморлық түріне жатады,
оның әлеуметтік мәні де зор. Мұнда автор халық поэмасының негізгі
идеясын
жалғастырып, көмескі жерлерін ашып, әлсіз жерлерін
өткірлеп, ескі мен жаңа, кәрілер мен жастар шайқаскан жерде, ескілікті
жаңалыққа жеңдіреді. Көтібардың өзі де, ол жақтаған идея, түсініктер
де апатқа ұшырайды. Бұл пьесаның қоғамдық мәнін салмақтандыра
түседі, бірақ пьесаның дағдыдағы юморлық комедияның дәстүрі
бойынша, жақсылықпен бітеді.
Ақырында, оқиға Әлібек пен Айман,
Арыстан мен Шолпандардың өз мақсаттарына жетуі – үйленулерімен
тынады.
Екінші түрі –
сатиралық комедия
. Бұның юморлық комедиядан
айырмасы зілінде, салмағында. Суреттеп отырған өмір құбылысының
түп-тамырына балта шабуды нысана етуінде. Го гольдің «Ревизоры»
үш түрлі әлеуметтік құрылысты басынан кешірді,
бірақ әлі сахнадан
түскен жоқ. Ол патшалық Россияның төрешілдік билеу системасының
мүлде іріп біткендігін сынайды. Жалтақтық, жағымпаздық, өсекшілдік,
мещандық, мақтаншақтық, жылпостық, т.б. сұрқия мінездердің бетін
ашып, халық сотына тартты. Тәрбиелік мәні де осында.
Драманың элементі трагедияда да болады, ал комедияда күлкі мол
қолданылады. Ол заңды да, өйткені көркем шығарманың қайсысы
болсын өмір сәулесі. Сондықтан өмір жолдарында адам баласына
қанша қиыншылық, ауыр жағдайлар кездессе де, ұйқы, күлкі, тамақ –
үш нәрсеге тыйым салуға болмайды дейтін халық мәтелінің өзі де өмір
шындығынан алынған. Демек, тіршілік, өмір бар жерде күлкі де бар.
Жұмыстағы қателік, мінездегі кемшілік, т.б. қоғам құру ісіне, өмір
сүруге бөгет немесе кедергі жасайтын болса, оларды құрту үшін күлкі-
сықақ арқылы жұртшылық сотына тартуда комедияның қазірде де мәні
зор.