Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет97/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Сатиралық лирика 
(грекше – 
satura
– қосынды). Сатиралық эпос 
сықылды, сатирамен жазылған лирикалық шығармалар да болады. Сатира 
дворян әдебиетінде де болды, бірақ олардың сатирасы крепостнойлық 
қоғамның негізіне қарсы жұмсалған жоқ, сол қоғамның кейбір жеке 
кемшіліктеріне ғана қарсы жұмсалды.


144
XIX ғасырдағы қазақ ақындарының ішінде сатиралық лириканы 
көп жазған Абай болды. Ол елдегі болыс, билерді шенеп-мінеп, сынға 
алып, мысқылдап жазған «Дүтбайға», «Болыс болдым мінекей» деген 
өлеңдері сатиралық лирикаға жатады.
Ән өлеңі. 
Қалың бұқараның революциялық қозғалысының кезінде 
өскен, көбейген лириканың бір түрі әнмен айтылатын революциялық 
өлеңдер болды. 
Ән өлеңі
деп әнге салып айтуға арналып шығарылған 
өлеңді айтады. Ән өлеңі ауыздан-ауызға көшіп жүреді. Еңбек уағында 
болсын, демалыс уағында болсын, демонстрация кезінде болсын, 
коллектив болып ән салатыны мәлім. Әнмен айтылатын өлеңдер 
лириканың қай түрінен болса да, көпшілікке жақын тұрады. 
Лирикалық шығармалар кейде тақырыбы, мазмұнына қарай 
да бөлінеді: 
саяси-азаматтық лирика
(тақырыбы да, мазмұны
 
да 
әлеуметтік мәні зор ірі мәселелерді сөз етеді); 
сүйіспендік, ма-
хаббат лирикасы
(негізгі әңгіме сүйіспендік, махаббат туралы, кейде 
қуанышты, кейде қайғылы болуы мүмкін); 
философиялық лирика
(ақын лирикалық өлеңін философиялық терең мазмұнға құрады. 
Мұндай лирикалар орыстың думы дейтін, қазақтың толғау деп 
аталатын кейбір өлеңдеріне жақын келеді). Осылардың ішінде ерекше 
тұратын 
табиғат лирикасы
. Жаз, күз, қыс, теніз, тау, орман, тоғай 
тәрізді әр алуан табиғат құбылыстарын жырлауға арналған лирикалық 
өлеңдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет