140
кезі XVII-XVIII ғасырларда болды. Мысал – шағын ғана шығарма.
Көбіне өлеңмен жазылады. Болмысты пернелеу түрінде (екінші түрінде)
сықақтап суреттейді. Автор өз көзқарасынша адамгершілікке үндейді,
мысалдағы қатысушылар адамша сөйлей алатын, адамша күйініп,
сүйінетін не айуан, не басқа нәрселер бола ды, бірақ қатысушы адам
да бола береді: Мысалдардың көпшілігінде-ақ не басында, не аяғында
автор пернелеген нәрсенің негізгі мазмұны, автордың айтайын деген
адамгершілік ойы болады. Россияда мысал жазушылар – Сумароков,
Крылов, т.б. Қазақтың жазба әдебиетінде тұңғыш мысал жазушылар
Абай мен Нұржан Наушабаев болды.
Абай мен Нұржан бір жағынан, халық әдебиетіне еліктесе, екінші
жағынан, Шығыс, орыс әдебиеттеріне еліктейді. Нұржан өзінің «Өгіз бен
есек» деген мысалын «Мың бір түнге» еліктеп жазған. Абай «Қарға мен
түлкі», «Шырылдауық шегіртке» дегендерді Крыловтан еркін аударған.
Мысал жағынан Крыловқа, Абайға еліктеушілер Сұлтанмахмұт, Сәбит
Дөнентаев сияқты жазушылар болды. Қазақ совет әдебиетінде мысал
өлеңдермен шұғылданушы Асқар Тоқмағамбетов пен Шона Смаханұлы.
Мысалшының қайсысы болсын адамгершілікке үндеп, кезіндегі
әртүрлі оңбағандықты мінейді. Орыс халқының мысалшысы Крылов
өз дәуіріндегі парақорлық, қара жүрек ел жегіштік, алдампаз, қулық,
екі жүзділік сықылды мінез-құлыққа қарсы тәрбиелеп, содан бездіруге
тырысты.
Достарыңызбен бөлісу: