Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет91/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Лирика (
грекше
– 
Lyra
– 
гректің музыкалық аспабы). Суреттеп 
отырған өмір құбылысына өзінің оны қалай түсінуін аңғартатын, күйініш, 
сүйінішін көрсететін көлемі шағын өлеңдік шығармаларды 
лирика
дейді. 
Лирика көпшілігінде өлеңмен жазылады. Лириканың элементі 
әдебиеттің басқа жанрларында да кездеседі, бірақ ол өте сирек. Осы 
тәрізді суреттеп отырған өмір құбылысына әрі көзқарасын көрсететін әрі 
өз басының күйініш-сүйінішін білдіретін өлеңдердің бәрі де – лирикалық 
жанр. 
Драма 
(грекше
 
– drama
 
– қимыл). 
Драма
– көркем әдебиеттің үшінші 
тегі. Драмалық жанрға жататын шығармалар диалог түрінде жазылады. 
Автор қатысушылардың сөздерін бұлжытпай, төл сөз күйінде береді. 
Артист қалай айтуы керек, әр жағдайда қимыл, құбылыс қандай болуы 
керектігін көрсетеді. Қатысушылардың сахнада айтатын сөздері 
реплика
делінеді де, ал артистердің бет құбылысы, қимыл-қозғалыстары қандай 
болуы керектігіне берілетін сілтеулерді 
авторлық ремарка
деп атайды. 
36
Жанр (французша – gener) – тек, түр. Бұрын да, кейін де «әдебиеттің тектері» деудің 
орнына «жанр» дейтін. Эпостық жанр, лирикалық жанр, драмалық жанр. Дұрысының өзі де 
осы. Л.Тимофеев пен Н.Вен¬гров: «Әдебиет тегін жанр деп атау дұрысырақ»,– дейді. Біз де осы 
пікірге қосыламыз. Сондықтан бұл кітапта әдебиет тегі мен әдебиет жанры деген терминдер бір 
ұғымда қолданылады.
Кейбір әдебиетшілер «жанр» деген терминді әдебиеттің тегіне емес, түріне қолданалық 
дегенді ұсынып жүр, бірақ бұл, бізше, дұрыс емес. Біріншіден, жанр ғасырлар бойы әдебиеттің 
тегі мағынасында қолданылып келді. Екінші, тіл мамандары, француздың тілінде бұл сөздің ең 
дәл мағынасы – тегі, «түр» қосалқы ұғымда айтылатындығын растайды.


137
Драмалық шығармалар актыларға немесе оқиғаларға бөлінеді. 
Бұл актыларға бөлінушілік сахна жағдайының керек етуінен шығады. 
Актыларға бөлудің кейде оқиғаны дамытуға да керектігі бар, өйткені 
сол актыға бөлу арқылы оқиғаны уақыт жағынан кідіртуге болады. 
Актылардың арасында болатын үзілістер немесе антракт ойын 
көрушілерге демалыс беру үшін, декорацияны өзгерту үшін, актерлердің 
боянуы үшін керек. Кейде декорация жиі ауысып отырады. Пьесаның бұл 
қысқарақ бөлімін 
көрініс
(картина) деп атайды. Әр акт сонымен қатар 
және көрінісі құбылыстарға бөлінеді. 
Көрініс 
– әуелгі қатысушылардың 
тобы өзгермей тұрғандағы пьесаның бір бөлшегі. 
Әдебиет тектері – эпос, лирика және драма туралы сөз қозғағанда айта 
кететін бір нәрсе, бұлардың бір-бірінен өзгешеліктерін мәңгілік және 
бір-біріне ауыспайды деп ұқпау керек. Эпос, лирика, драмаларды тарихи 
дамуы жағынан алып қарасақ, бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. 
Алғашқы қоғамда же ке эпос та, лирика да, драмалар да болған емес, 
барлығы бір нәрсе болды. Кейінірек өзара бөлінді, бірақ олардың 
байланы сы күні бүгінге дейін мүлде жойылған жоқ.
Эпостық шығармаларда оқиғаны лирикамен суреттейтін кезеңдер де 
болады. Мысалы, «Қобыланды» – эпостық поэ ма, бірақ оның лирикалық 
жері де бар. Лирикамен жазылған шығармаларда оқиғаны баяндап 
кететін жерлері де аз кездеспейді. Эпостық немесе кейде лирикалық 
шығармаларды, сахнаға арналып жазылмаса да, оның құрылыстарына 
қарағанда драмалық шығармаларға өте жақын болуы, оларды театр 
ойынына пайдалануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет