Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет93/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

лиро-эпостық поэмалар
.
Лиро-эпостық 
поэмаларда эпостың элементі де, лириканың эле менті де болады. 
Әсіресе лирикалық жақтары басым келеді. Батыр лар жырында негізгі 
тақырып – патриоттық. Суреттейтіні, дәріптейтіні ерлік, батырлық 
болса, ал лирикалық жырда көбіне тақырыбы сүйіспендік, дәріптейтіні 
сүю жолындағы қаһармандардың басынан өткізген қиыншылықтары 
болады. Мысалы, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш», «Айман–Шолпан», т.б. 
Бұлардың кейбір жерлері 
александрлық романға
37
да дәл келіп қалады.
Бұл поэмаларда ғашықтыққа жағдай, себептер эпостық жанрдың 
жолымен шешілсе де, қаһармандардың сүйіспендік жолындағы 
қиыншылықтары олардың басында болған күйініш-сүйініштерін 
суреттеу арқылы ақын оған өзінің сол оқиғаға қалай қарайтынын да 
байқатады. Қатысушы қаһармандары қарапайым адамдар, басқалардан 
өзгешелігі сүюге берілген, нәзік сезімді адамдар болып келеді.
Поэма
(грекше – 
poiёma
– туынды). 
Поэма
– эпостық жанрдың бір 
түрі. Белгілі өлеңмен баяндайтын көркем шығарма. Поэма көбіне сюжетке 
құрылады. Адамдардың қарым-қатынастарын, тартыс-таластарын, 
37
Александрлық роман – Александр Македонскийдің атымен байланысты туған романның бір түрі.


139
күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді. Халықтың 
эпостық поэмаларынан кейінгі жазба әдебиеттегі поэмалардың бір 
айырмасы – жоққа сенушіліктен арылуы, тұжырымды шындықты 
көрсетуі, кейде болған шындықтан гөрі, болуы мүмкін шындықты 
суреттеуге әдейі, саналы түрде баруы, қысқасы, мәдениетінің жоғарылығы 
деуге болады. 
Поэма
– өлеңмен жазылған әңгіме. Айырмасы тек өлеңмен 
жазылуында ғана дегенді айтады. Кейбіреулер ұзақ өлең дейді. 
Жазба әдебиетте поэманың түрлерін эпос тық, лирикалық, драмалық 
поэмалар деп атаймыз. Кейде реалистік, романтикалық, фантастикалық 
поэмалар деп атаймыз. Бұл поэмаларды стилі, методы жағынан 
яғни поэ мада өмір өзінің шындық қалпында көрсетіле ме, әлде оны 
романтикалық асқақтық бейнеде не қиял дүниесін араластырып суреттей 
ме, қай методтың элементі басым, міне, осы жағынан алып қараймыз. 
Бұнда да бәрібір поэма эпостық жанрдың бір түрі болып қала береді. 
Кейде психологиялық поэма деген терминді де қолданамыз. Бұл да 
эпостық поэма, бірақ оның негізінде жататын нәрсе адамдардың 
арасындағы тартысты суреттеу емес, қаһарманның ішкі жан сезімін, 
психологиясындағы қайғылы не қуанышты халдерді суреттеу. Мысалы, 
Лермонтовтың «Мцыри», Ә.Сәрсенбаевтың «Ұлым туралы ой», т.б.
Поэманың ерекше бір түрі – 
сюжетсіз поэма
. Мұндай поэмалар 
адамдардың арасындағы тартысты емес, сол тартыстардың нәтижесін 
ғана образбен көрсетеді. Бұл өте шеберлікті ке рек етеді. Егер адам 
күрестерінің нәтижесін қысқа, тартымды, көркем түрде шеберлікпен 
бере алмаса, бір ойды қайталаулар көбейеді де, шығарма схематизмге 
айналады. Поэма негізінде, сюжетке құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет