Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет89/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

сыншыл реализм
болды. Сыншыл 
реализмге тән нәрсе әлеумет өмірінің жаман жағын шенеу, сынау, оларды 
өткір сатира, мысқыл кекесіндер арқылы көпшіліктің алдына тартып
жұртшылықтың ондай мінез-құлық, іс-әрекетен аулақ болуын мақсат 
етті.
Сыншыл реализмнің негізгі идеялық мазмұны – патриотизм, езілуші 
халық көпшілігінің ауыр халіне жаны ашушылық, соны жеңілдетуге 
өзінің көркем шығармасы арқылы атсалысу. Орыс әдебиетінде сыншыл 
реализмнің басты өкілі – Гоголь. Ол өз дәуіріндегі әлеумет өмірінің жаман 
жақтарын мейілінше қатты сынады. Гоголь – өз халқының ұлылығына да, 
келешегінің үлкен екендігіне берік сенген және өз халқын терең сүйген 
патриот жазушы. Патриоттық – оның идеалының негізі болды.
XIX ғасыр әдебиетіндегі сыншыл реалистердің қатарына Абайды 


135
қосуға болады. Абай типтік жағдайға тән типтік әдеби мінез жасап қана 
қойған жоқ және оларды өткір сықақпен, мысқылдап, күлкі етті. Абай 
шығармасындағы болыс, би, ел билеушілердің образдарын алсақ, баққаны 
қулық пен сұмдық, өз құлқынын ғана ойлайтын, мейлінше өзімшіл және 
өз басы, кісілігі еш нәрсеге арзымайтын, ісіне де, сөзіне де кермек күлкің 
келерлік адамдар. Оның «Дүтбайға», «Болыс болдым мінекей», «Бойы 
бұлғаң» өлеңдерін алсақ, ел билеушілерді суреттеуінде қаншама зіл, 
зәр жатқандығын көру қиын емес. Атақты «Сегіз аяқ» өлеңінде әлеумет 
өмірінің әр алуан жақтарын мезгей, шеней суреттеулерінің өзінен-ақ 
ақынның қаншама күйінішті басынан, кешіргендігін аңғаруға болмай 
ма?! Осылардың бәрі халық мұңы, ел тілегін ойлудан туған көңіл күйі 
мен қайнаған зығыр ақынның патриоттық идеалынан туған жайттар 
болатын. Қазақ елін мәдениетті ел етуді арман еткен ұлы ақынға жоғарғы 
аталған өлеңдерде суреттелетін қулық, сұмдық, жалқаулық, ала ауыздық, 
т.б. «Ала жылан, аш бақа күпілдектердің» сан алуан сұрқиялық істері 
бөгеттік жасады. Гоголь тәрізді Абай да өткір сатира арқылы оңбаған іс-
әрекет, мінез-құлықтарға қарсы халықтың ой-сезімін оятып, майданға 
шығаруға тырысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет