Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


ӘДЕБИЕТТІК МЕТОДТАР – КЛАССИЦИЗМ, РОМАНТИЗМ



Pdf көрінісі
бет86/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

ӘДЕБИЕТТІК МЕТОДТАР – КЛАССИЦИЗМ, РОМАНТИЗМ
РЕАЛИЗМ, СОЦИАЛИСТІК РЕАЛИЗМ
Көркем әдебиеттің негізгі түйіні, түпкі қазығы – шындық өмір 
шындығы. Жазушылар өмірдің бір жағын ғана таңдап алып, оны өзінің 
творчестволық елегінен өткізіп, қалыптасқан көркем жүйеге салу үшін 
әркімнің әртүрлі әдісті қолдануы және шындықты әртүрлі суреттеуі 
мүмкін.
Жазушылардың өмір құбылысының керекті жағын таңдап алып, оны 
өз елегінен өткізіп, өз көзқарасы тұрғысынан сурет теу қажеттілігінен 
барып, әртүрлі творчестволық метод (әдіс, тәсіл) туады. Өмірден 
аңғарғандарын өзінше талқылау жазушылардың әртүрлі творчестволық 
методын туғызады.
Классицизм
(латынша – 
cklassicus
– ең үлгілі). XVII-XVIII ғасырларда 
Европа әдебиетінде классицизм бағыты туды. Бұл бағыттың классицизм 
деп аталатын себебі, Европа әдебиеті ерте замандағы Грек және Римнің 
классик әдебиеттерін өздеріне үлгі етіп ұстады.
Ертедегі Грек, Рим әдебиеттерінің әсері тек сол кезде ғана болып 
қойған жоқ, онан кейін де болды. Мысалы: орыс поэзиясында ертедегі 
Грек, Римнің классик өлең құрылыс түріне еліктеушілікті, олардың 
өлеңдеріндегі образ қолданыстарын алып пайдалануды біз Пушкиннен 
де, Феттен де және соңғы кездегі символистерден де кездестіреміз.


130
XVII-XVIII ғасырда ертедегі Грек және Рим үлгісіне сүйеніп жазатын 
жаңаша бір бағыт туды. Бұлар өзгеше творчестволық бағыт ұсынды 
(ертедегі Рим, Грек әдебиетін олардың көпшілігі өзінше талқылады және 
көп мәселені теріс түсінді). Бұл бағытты жасаушылар дворянство және 
дворянствоға жақын сауда буржуазиясының жоғарғы топтары болды.
Классицизмге тән ережелерге көркем шығармалардың бағынуы шарт 
еді. Көркем творчество сарай маңындағы жоғарғы қауымның ұнатуына, 
солардың қалауларына бейім болуы керек болды.
Тақырып таңдап алу және шығармаға қатысушыларын іріктеу 
мәселелері классицизм тәртібіне бағынып отырады. Әдебиетте 
суреттелетін адамдар үстем таптан алынды. Төменгі таптардан шығармаға 
адам кіргізуге тек комедияларда ғана рұқсат етілді. Тақырыпты және 
шығармаға қатынасушы геройларды осылай таңдап алудың салдарынан 
ол кездегі әдебиеттің үстем түрлері: 
трагедия, комедия, батырлықты 
суреттеген поэмалар
. Поэзияның лирикалық түрлерінен 
ода
ғана (бұлар 
туралы кейінірек айтамыз) болды. Көркемдігі жағынан құнды трагедия 
жазушы Францияда Корнель, Расин, Англияда Шекспир, ал комедияның 
үздік авторы Мольер болды.
Классицизм
бағытындағы шығармалардың өзінше өзгешеліктері 
тек тақырып пен қатысушыларды таңдап алуда ғана емес, сонымен 
қатар қатынасушы адамды суреттеуінде де өзгешеліктер болды. 
Қатысушылардың мінезі бір жақты суреттелді. Қатысушылардың 
қайсысы болсын, оларда психологиялық қасиет (батылдық, 
қайырымдылық, серттен таймаушылық, т.б.) үстем болып алыңды. 
Бұлар шындық өмірдегі адамдардан гөрі, әртүрлі киім кигізіп, қиялдан 
жасап шығарған адамдарына жақын. Қатысушылардың мінез-құлығы 
өмір шындығынан алшақ жатты. Өз бастарындағы күйініш-сүйініштер 
жөнінде көп ойланып, ұзын-ұзын монологтар сөйлейтін болды.
Классицизмге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрылысын 
бір тәртіпке бағындыру. Мысалы, драмалық шығармаларды «үш бірлікті» 
сақтай отырып жазу керек. Бұл «үш бірлікті» caқтамаса, жоғарғы 
ережеден шетке шыққан болып саналады. «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет