Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет84/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Дыбыс қуалаушылық. 
Дыбыс қуалаушылықтың бір түрі – 
мөлшерден тыс, керексіз бір дыбысты өте көп қайталау. Дыбыс 
қуалаушылық өлеңді әлсіз, мағынасыз етеді. Дыбыс қуалаушылық 
формализнің бір элементі болып саналады, сондықтан бұдан аулақ 
болу керек.


127
VII ТАРАУ
 ӘДЕБИ МЕТОД – ӘДЕБИ СТИЛЬ
Жалпы түсінік
. Көркем шығарманың композициясы туралы сөз 
қозғағанда, композицияның өзгешелігі автордың айтайын деген ойына, 
шығарманың мазмұнына бағынады. Осы мазмұнды айтып беретін көркем 
шығарманың әртүрлі жақтары (тақырып, сюжет, образ, табиғат суреті, 
шығарманың композициясы, тіл, т.б.) көркем шығарманың идеялық 
мазмұнына негізделінеді.
XVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихын алсақ, идеясы 
жағынан айқындалған екі бағыт болғандығын көреміз: Бірінші 
бағыттағылар: Бұхар, Дулат, Байтоқ, Жанұзақ, Шортанбай, т.б. Екінші 
бағыттағылар: Махамбет, Шернияз, Ыбырай Алтынсарин, Абай, т.б.
Бір бағыттағы ақындардың творчествосында идеялық жағынан да, 
өмірді суреттеу әдістерінде де өзара бір-бірімен жақындықтары барын 
байқаймыз. Ал екі бағытты салыстырсақ, арасында айырмашылықты 
көруге болады. Бұхар, Дулат, Байтоқ, Жанұзақ, Шортанбай, т.б. феодал 
табының идеясын жырлаушы, салт-сананы қолдаушылар болды. Халыққа 
хан-сұлтан би-феодалдардың ықпалын жүргізуді өз өлеңдерінің өзегі етті. 
Өз заманындағы өзгерістерге ескілік мұнарасынан қарады. Жаңалықпен 
байланысты туған кейбір шындықтарды көрмеді. Көре қалса, оларды да 
сол ескі көзқарас тұрғысынан көрсетуге тырысты.
Екіншілер, Махамбет, Ыбырай Алтынсарин, Абай, т.б. өз кезіндегі 
өмірдің басқа жақтарына көңіл бөлді. Халықтың ауыр халін көре білді, 
қанаушыларға қарсы күреске үңдеді. «Ереулі ат мініп, егеулі найза ұстауға» 
шақырды. Өзінің ащы тіл, улы сөзін езушілерді әшкерелеуге жұмсады. 
Кейбіреулері жақсылықты алдан күтті, қазақ елінің келешегі прогрестік 
мәдени жолмен алға дамуда, оқу-өнерге қол созу, қараңғылықтың, 
ескіліктің шырмауынан арылуда, жаңалықка ұмтылып, мәдениеті озат 
елдермен достасып, олардан үйренуде деп білді. Махамбет, Ыбырай 
Алтынсарин, Абай творчестволарынан біз осыны көреміз.
Алтынсарин мен Абай ағартушылық идеясының туын биікке 
көтерумен қатар, шығармаларының халықтығын, көпшілікке 
түсініктілігін, жаңа жағдайға өз кезіне сәйкес түрде дамыту мәселесін 
алдыңғылардан (Махамбет, Шернияз) гөрі де тереңдете түседі.
XVIII-XIX ғасыр қазақ әдебиетінде екі түрлі әдеби бағыт 
болды, олардың идеялық көзқарасы, өмір құбылысын суреттеудегі 
тіл, композиция, тақырып, сюжет, т.б. жақтарындағы айқын 
айырмашылықтарды негіз етеміз. Әдеби стиль – әдеби методтың 
тууының да негізі солар болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет