125
Өлеңге жалпы түр кіргізуші – Абай. Ұйқас жағынан да көп өзгешелік
кіргізді. Абайдан түрлі ұйқастар табылады, ол қазақ өлеңдерінің
буын, бунақтарын әртүрлі жолдармен, әртүрлі етіп иіп келтірсе де, бір
өлшемге бағынып отыратыны сықылды, ұйқастары белгілі тәртіптен
тыс шықпайды. Көбі-ақ әнге бағынады, әнге бағынбайтын өлеңі сирек.
Сондықтан буын, бунақ ұйқастары да сонымен нық байланысты.
Осы күнгі ерікті ұйқастардың бұрынғы жырда келетін ерікті
ұйқастардан айырмасы жыр өлеңдерінің ұйқастары ерікті түрде
келгенмен, әр тармағының буын сандары белгілі мөлшерден онша
көп аспайды. Көбіне-ақ 7-8 буын болып отырады. Ал осы күнгі ерікті
ұйқастардың әр тармағының буын сандары артық, кемді келе береді.
Осы күнгі ерікті ұйқасты өлең құрылысына тоқтағандағы
мақсатымыз толық анализ беру, түрлі жақтарын қалдырмай, талдап
түсіндіру емес, өлеңнің бұл құрылысынан оқушыларымыз хабардар
болсын дедік.
Достарыңызбен бөлісу: