124
та келеді. Мысалы, орыс өлеңдерін аударумен байланысты
қаусырмалы
ұйқас
(а
–
в
–
в
–
а)
ене бастады, бірақ бұл айтылған жаңа ұйқастар әлі
тұрақталып, қазақ өлеңдерінің байырғы ұйқастарына айналған жоқ,
әзірше кітапқа енген жоқ.
Ұйқас мәселесін сөз еткенде, айрықша тоқталуды керек ететін
жайттың бірі –
ішкі ұйқас
(внутренняя рифма). Ішкі ұйқасты сөз етудің
әрі теориялық, әрі практикалық мәні бар. Орыс тіліндегі әдебиет
теориясы кітаптарында, жеке зерттеулерде де бұл ұйқастың өзіне тән
ерекшелігі де, өлеңнің көркемдік қасиетін арттыруда қандай мәні
барлығы да әлдеқашан айтылып, белгіленген. Біздің теориялық кітаптар,
әдеби зерттеулерімізде ішкі ұйқас туралы еш сөз болмайды. Ішкі ұйқасты
оқырман жұртшылықтың көбі мүлде білмеуі де мүмкін, сондықтан ол
жөнінде біраз тоқталу қажет тәрізді.
Ұйқастың өлең жолдарының тек аяғында ғана емес, басында да,
ортасында да кездесетін жерлері болады. Мұны өлеңнің
ішкі ұйқасы
деп атайды. Ішкі ұйқас белгілі мөлшерде қолданылса, табиғи дәрежеде
болса, өлеңнің музыкалылығын күшейтеді. Оқуға жеңіл әрі тартымды
болады:
Ән салсаң Әсеттей сал
әсемдетіп,
Достарыңызбен бөлісу: