3. Ерікті ұйқас.
Қара өлең ұйқасы не шұбыртпалы ұйқас, не
төменде айтылмақ ұйқастардың қай-қайсысын алсақ та, алдыңғы
бір шумағының жолдары қалай ұйқасса, шумақтың басқа жолдары
да сол ережеге бағынады. Белгілі бір тәртіптен аспайды. Өлеңнің
бәрі бірдей белгілі тәртіппен құрала бермейді. Ұйқастары бірде
олай, бірде бұлай болып келетін өлеңдер де бар. Бұлар көбіне
жырларда кездеседі. Мысалы:
Сіздер кейін тұрыңыз,
Барайын жалғыз мен деді.
Әуелі Алла анайым,
Хақ жаратқан қүдайым,
Мал шыдамас жауырға,
Ер шыдамас бауырға,
Бірге туған ит еді,
Жалғыз өзім барайын.
Мінген атым ала еді,
Атасы әйел демесең
Қарлыға қыз да ер еді.
(«Қобыланды» жыры)
122
4. Кезекті ұйқас.
Шумақтың бір жолы ұйқаспай, екінші жолы ұйқасып
келсе
кезекті ұйқас
дейміз. Мысалы:
Сәулең болса кеудеңде,
Мына сөзге көңіл бөл!
Егер сәулең болмаса,
Егер сәулең болмаса,
Мейлің тіріл, мейлің өл!
Танымассың, көрмессің,
Қаптаған соң көзді шел.
Имансыздық намазда
Қызылбастың салған жол.
(Абай)
Кезекті ұйқас өлеңнің шумағына қарай осы ретпен келе береді. Егер
өлеңнің бір шумағы 4 жолдан тұрса, онда 1-3-жолдары бос қалады,
ұйқасатын 2-4-жолдары болады. Ал шумақ бірнеше жолдардан тұрса,
жоғарғы тәрізді, ылғи тақ жолдары ұйқассыз қалып, жұп жолдары
ұйқасады.
5. Шалыс ұйқас.
Абайдан бермен қарай қазақ поэзиясында кең түрде
орын алған ұйқастың бір түрі –
шалыс ұйқас
. Ұйқастың бұл түрінде
1-жол мен 3-жол, 2-жол мен 4-жол ұйқасады. Өлеңнің шумағы 4 жолдан
аспайды. Мысалы:
Шаң шығармас жол дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.
(Абай)
Шалыс ұйқас 7–8 буынды ғана емес, 11 буынды өлеңдерде де
кездеседі.
6. Егіз ұйқас.
Абайдың көп өлеңдерінде («Сегіз аяқ») ұйқастың
жаңа түрін, жоғарғы келтірген өлең ұйқастарынан өзгеше түрлерін
кездестіреміз. 8 жолдан тұратын шумаққа мысал:
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған;
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл!
Бір шумағы 8 жолдан құралады. 1-2 жол: «сермеп–тербеп» болып бір
ұйқасады да, 3-жолдан ой бітпей: «шымырлап бойға жайылған» болып
123
ашық қала тұрады. 4-5-жол «шауып–тауып» болып бір ұйқасады. Ой
бітпей, уақытша ашық қалған 3-жол 6-жолмен ұйқасады. 7-жол 8-жолмен
ұйқасады да, ой бітеді. Келтірген үзіндінің айтылып өткен шалыс
ұйқастан өзгешелігі: 1-3-жолмен 2-4-жолмен ұйқаспайды, ұйқастары
үздіксіз жұп-жұп болып келеді. Шумағы не 8, не 6 жолдан құрылады.
Ұйқастың бұл түрін
егіз ұйқас
деп атайды. 6 жолдан тұратын шумақ
(Абай) төмендегідей:
Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң,
Кімді көрсем, мен сонан
Қатты састым,
Бетті бастым,
Тұра қаштым жалма-жан.
Достарыңызбен бөлісу: |