119
/Қырмызы/ /ту етіп/ /еңбекті,/
/Қаһарман/ /ұл, қызың/ /ер жетті./
/Жұлдызың/ /жарқырап/ /аспанда,/
/Жаңғырды/ /нұрынан/ /жер беті./
Үш бунақты қара өлең ұйқасымен келеді. Бұл жас ақынның алғашқы
талпынысы, сол арқылы өлеңге бір жаңа ырғақ, жаңа тыныс енгізсем
бе деген жақсы үміт. Құлаққа естілуі көңілге қонымдылық, сезімді
оятарлық күші әлі жетпей жатыр. Ол ақынның күшсіздігінен емес, 9
буынды өлеңнің өзіне тән тыныс интонациясынан. Қанша бір әдемі
сөздерді қолданып күшейтпек болса да, сөз тіркесі өлең ырғағынан гөрі
қара сөзді еске түсіреді. Тым байырғы, тіпті сылбыр. Өлеңге тән өрлік,
өктемдік оқушыны ертіп әкете алмайды. Зерттеушілер болмаса оқырман
жұртшылық оны білмейді. Мұндай өлең құрылыстары еліктеуден туады.
Әрбір өлең құрылысына енетін жаңа түрлердің негізінде еліктеу емес,
өмір, әлеумет өміріндегі әр алуан өзгерістер жатса ғана оның әдебиеттік
мәні болмақ. Жаңа өлең түрі жаңа өмір, ұлы өзгерістердің сәулесі ретінде
дүниеге келеді. Егер жаңа түр, жаңа ырғақ өмір тілегінен туса, көпке
созылмай-ақ жаңалықты мойындауға мәжбүр болады.
Қазақ поэзиясында Сәкен Сейфуллин, орыс поэзиясында
В.Маяковскийдің жаңа түрлерінің әдебиетке ену тарихы бұған дәлел.
Форма жағынан алғанда Маяковскийдің орыс өлең түрлеріне енгізген
жаңалығы тоникалық өлең құрылысына негізделсе, Сәкеннің қазақ
өлең құрылысына енгізген жаңалығы силлабикалық өлең құрылысына
негізделді. Сәкен алғаш рет әдебиет майданына шығып, аты мәлім бола
бастағанда, өзіне шейінгі қазақ поэзиясының үлгісінде жазды. Олардың
жақсы үлгілерінен үлгі, өнеге алды.
Достарыңызбен бөлісу: