114
Бұл жоғарғы айтқанымызға қайшы келмейді, өйткені біз 5 буынды
бунақтың қай жерде келіп, қай жерде келмейтініне толық тоқтадық.
Енді қайталақтау керексіз, сондықтан 2 буын мен 3 буын екі сөзден
құралатын, жыр өлеңдеріндегі 5 буынды бунақтан құралатын 8 буынды
өлеңге тоқталық. Бұл 7 буынды өлеңмен араласып келеді.
Міне, бір сөзі 2 буынды, бір сөзі 3 буынды екі сөзден құралған өлең деп
осы сықылды өлеңдерді айтады. Жыр ағымымен жазылған өлеңдердің
бір тармағы көбіне 8
буыннан құралады. Өлең тармағы 8 буын болса,
соның алдыңғы бунағы ылғи 5 бу ынды, соңғы бунағы 3 буынды болады.
8 буын өлең құрылысының бас жағындағы айтқан 8 буындының бұдан
бір өзгешелігі: алдыңғы бунағы да, соңғы бунағы да ылғи 4 буыннан
құралады. Екінші өзгешелігі 7 буынды өлең құрылысымен араласпай, өз
бетімен ылғи 8 буынды боп келеді.
Таза 8 буынды өлеңнің екінші түрі өте жиі ұшырайды. Мұнда бір
жолдың алдыңғы бунағы 5 буын, соңғы бунағы 3 буын болып келеді және
осы өлшеуден таймайды.
5 3
/Кешегі өткен/ /ер Әбіш,/
5 3
/Елден бір асқан/ /ерек-ті./
5 3
/Жүрегі жылы,/ /бой(ы) құрыш,/
5 3
/Туысы жаннан/ /бөлек-ті./
8 буынды өлеңнің бұл түрі қазақ өлеңдеріне әбден еніп, тұрақталған,
көп ақындардың өлеңдерінен кездестіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: