Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет72/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Өлеңнің буын түрлері.
Қазақ өлеңдерін бунағына, бунақ ішіндегі 
буын санына қарап, негізінде 5 түрге бөлуге болады: 1. Он бір буынды 
өлең; 2. Сегіз буынды өлең; 3. Жеті буынды өлең; 4. Алты буынды өлең; 
5. Аралас буынды өлең.
Он бір буынды өлең
3 4 
4
/Арқаның/ /кербез сұлу/ /Көкшетауы/
3 4 4
/Дамылсыз/ /сұлу бетін/ /жуған жауын./
3 4 4
/Жан-жақтан/ /ертелі-кеш/ /бұлттар келіп,/
3 4 4
/Жүреді/ /біліп кетіп/ /есен-сауын./ 
(С.Сейфуллин)
Бұл өлең 11 буынды, әр тармағында үш бунақ бар, әрбір қос 
сызықтардың арасы бір бунақ. Әр тармағындағы бунақтары 4 буынды екі 
бунақтан, 3 буынды бір бунақтан келген.
Қазақтың «Қара өлең» деп айтатын өлеңдерінің барлығы да үш 
бунақты 11 буыннан құралады. Бір тармағы 11 буыннан құралған 
өлеңдерді бунақтарының ілгерілі-кейінді келуіне қарай, өзара 3-ке бөлуге 
болады.
Бас бунағы 4 буынды өлең. 
Мұнда аяққы бунағы ылғи 3 буын боп 
келеді.
4 4 3
/Еңбек, теңдік,/ /бостандыққа/ табындық,/ 
4 4
3
/Қашан жауға/ /«есірке» деп/ /жалындық./
4 4 3 
/Қазіргі күн/ /сәулесі алтын/ /қызыл күн/
4 4 3
/Қара тұман,/ /қара күннен/ /арылдық./
(Сәбит)


110
Бас бунағы 3 буынды өлең
3 4 4
/Қобызшы/ /Молқыбай шал/ /Матайдағы,/
3 4 4
/Матайда/ – /Кенже, Тұңғат/ /Сақай дағы./
3 4 4
/Қазақта/ /қобызшының/ /қалғаны сол,/
3 4 4
/Жорға еді/ /маймаңдаған/ /бақайшағы./ 
(І.Жансүгіров)
Орта бунағы 3 буынды өлең

4
3 4


/Ақ киімді,/ /денелі,/ /ақ сақалды,/
4
3
4
/Соқыр, мылқау/ /танымас/ /тірі жанды./
4
3 4
/Үсті-басы/ /ақ қырау,/ /түсі суық,/
4
3 4
/Басқан жері/ /сықырлап/ /келіп қалды./
(Абай)
11 буынды өлеңдердің бұл үш түрінде 
ритм
(дауыс ырғағы) әр басқа. 
Алдыңғысы (3 буын аяғында келгенде) бір түрлі әнге салынып айтылса, 3 
буын басында келгенде екінші түрлі әнмен айтылады. 3 буын тармақтың 
ортасына келгенде, үшінші түрлі әнге келеді. Мұны 
өлең ағымы
дейміз.
Байқау үшін әнге салып қарауға болады. Ақындар өлең жазғанда, 
бұл ағымдарды өте берік ұстайды. 3 буынды бунақты не ылғи аяқта не 
баста, не ортасында келтіріп жазады. Үлкен, ұзақ өлеңдерді алсақ та, бұл 
принцип сақталып отырылады. 3 буынды бунақ не жолдың аяғында не 
басында, не ортасында келеді. Мысалы, ұзақ поэма «Тасқынды» алсақ, 
3 буын ылғи баста келеді. Осы сықылды 3 буыны ортада не аяқта келген 
де ұзақ поэмалар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет