Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет70/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Тармақ құрылыстары.
Өлеңнің бір жолын тармақ деп атадық. 
Өлеңнің бір тармағында бір не бірнеше бунақ болады. 
Бунақ
дегеніміз 
өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. 
Дауыстың соқпа-соқпасының арасын сызықпен белгілеп, бір-екі мысал 
келтірелік:
/Майдалай/ /соқса майдың/ /қоңыр лебі,/
/Балауса/ /балбырайды/ /жер желегі 
/Тау қалғып,/ /құз құлазып,/ /орман тынып,/ 
/Шомғандай/ /терең ойға/ /бәрі тегі/ 
(Асқар)
/Білімдіден/ /шыққан сөз/
/Талаптыға/ /болсын кез./
/Түрін, сырын/ /көруге/
/Көкірегінде/ /болсын көз./
(Абай) 
/Бойы бұлғаң, /
/Сөзі жылмаң./
/Кімді көрсем/ /мен сонан/
/Бетті бастым./
/Қатты састым,/
/Тұра қаштым/ /жалма жан/ 
(Абай)
Осы келтірілген сызықтың аралары (
//
) бунақ болады. Біз бұлардың 
әрқайсысына жеке-жеке мысалдар келтірелік.
Екі бунақты тармақ
.
/Мүйізді қара/ /жұдырық/
/Тоқпақтай боп/ /жұмылып,/
/Бүлкілдеген/ /бұлшық ет/
/Денеде бұлт-бұлт/ /жүгіріп/
/Баттасқан болат/ /буындар,/
/Түтін шалған/ /отты көз/
/Еңбекке төніп/ /үңіліп,/
/Бір жарықты/ /көруге/
/Күні кеше/ /ынтық ед./
(Сәбит)


107
Қазақ әдебиетіндегі жыр, желдірме деп атап жүрген өлең 
шығармалардың көбі екі бунақты өлеңге жатады.
Үш бунақты тармақ.
Атадан/ /Біржан сал боп/ /тудым артық./
/Ұраным/ /Ер Қарқабат,/ /Алтай-Қарпық,/
/Аққумен/ /аспандағы/ /ән қосамын,/
/Шығарсам/ /ащы күйді/ /түптен тартып./
(Біржан сал)
Жұрттың 
қара өлең
деп айтатын өлеңдерінің бәрі де үш бунақты 
өлең.
Аралас бунақты тармақтар. 
Біздің жоғарғы келтірген 
мысалдардың қайсысын ал сақ та, әр тармағындағы бунақ не екі, не 
үш бунақтан аспайды. Әр жолдың бастапқы бунағы екеу болса, басқа 
бунақтары да екеу; үшеу болса, үшеуден келіп отырады. Өлеңнің бәрі 
бұлай бола бермейді, кейде өлең шумағының бір тармағында бунақ 
үшеу болса, екінші тармағында екеу не біреу
 
болып, ара лас келетін 
де өлеңдер болады. Мұндай өлеңдер ескі ауыз әдебиетінде, осы күнгі 
поэзиямызда да кездеседі. Бұлар бұрынғы өлеңдерде, көбіне әнге 
салынып айтылатын өлеңдерде табылады. Мысалы:
/Бір толарсақ,/ /бір тобық/ /санда болар,/ /жар-жар,/
. . . . . . . . . . . . . . . 
/Әкем-ай, – деп/ /жылама/ /байғұс қыздар,/ /жар-жар,/
/Әке орнына/ /қайын атаң/ /онда болар,/ /жар-жар,/ т. б.
(Аужардан)
/Біз – Отанның/ /ұланы,/
/Бейбітшілік/ /сақтаған./
/Тап қорғаны,/ /қырағы,/
/Қамал бұзған,/ /қайтпаған.../
(Пионер өлеңінен)
Бір тармағы екі бунақтан, кей тармағы бір бунақтан кұралады 
(басқа тармағы бір бунақтан құралғанда, бір тармағы үш бунақтан 
құралатын да өлеңдер болады. Мысалы, жоғарғы келтірген «Аужар», 
т.б.). Осылар сықылды, өлеңнің бір шумағындағы тармақтарының 
бунақ сандары кейде аз, кейде көп болып отыруын аралас бунақты 
өлең дейді.


108


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет