101
Ырғақ музыка, сөз өнерлерінде де ерекше орын алады. Музыка, сөз
өнерлеріндегі ырғақтың шығу тегін зерттеуішлер еңбекке негіздейді.
Адам баласының еңбегін жеңілдету, өнімін арттыру ісінде ырғақтың
рөлі үлкен деп бағалайды. Алғашқы адам баласы ауыр нәрсені көтеру
керек болғанда, әу десіп күш қосу үшін, шартты түрде белгілі бір дыбыс
шығарып, сол дыбыстың айтылу мезгіліне
сай қимыл жасау арқылы
күш біріктірген, осы тәрізді еңбек процесінің нәтижесінен ырғақ туған
дегенді айтады.
Искусствоның негізгі салаларына тән бір ерекшелік ырғақты
әрқайсысы сақтап қалған. Әсіресе музыка, би, өлең өнерлерінде ырғақ
айрықша орын алады. Өлең жолдарындағы белгілі бір бөлшектің
бірыңғай дәлме-дәл қайталаушылығын
өлеңнің ырғағы
дейді. Мысал
үшін 11 буыннан құралатын өлеңнің, бір-екі жолын алалық:
3 4 4
/Жұрт үстін/ /қоңыр желмен/ /желпіндіріп,/
3 4 4
/Көсілген/ /көлегейлеп/ /көлеңкесі/.
Біз бұл үзіндіден әр жолда дауыс 3 рет кідіріс жасайтынын және бір
3 буынды, екі 4 буынды бөлшектерден құралғандығын, сонымен қатар
бірінші жолдағы дауыс кідірісі, бөлшектер екінші жолда да дәлме-дәл
қайталанады. Өлең жолдарындағы белгілі
бір бөлшектің бірыңғай
қайталануын өлеңнің ырғағы деп ұғынуымыз керек.
Қазақ өлең құрылысында бұл буын, бунаққа орыс өлеңдеріңде екпіңді,
екпінсіз буынның кезектесіп келіп, бірдей қайталануына, метрикалық
өлең құрылысында дауысты дыбыстың созылыңқы, қысқалығына
негізделінеді.
Ырғаққа негізделінген сөз, сөйлем құлаққа жұғымды,
көңілге
қонымды, айтайын деген ой-сезімді басқаларға жеткізуде болсын не
олардың есінде әрі тез, әрі көп сақталу үшін мәні зор. Ескі заманда
туған ауыз әдебиеті нұсқаларының өзінен де бұған көптеген мысалдар
келтіруге болады. Мысалы, қазақ халқының арғы дәуірінен келе жатқан,
ескі көп дінге сенушілік санасының бір сарқыншағы «күн жайлату»,
«бұлт шақыру», «жылан арбау», «бәдік айту» тәрізді жырларын алсақ,
мазмұны еш нәрсеге арзымайтын, тұзсыз нәрселер болса да, сөйлемін
ырғаққа құрушылық, дыбыс әуезділгіне
ерекше көңіл бөлушілікті
байқаймыз. Ал мақал, мәтелдер, жұмбақтар, негізінде қара сөз болса да,
ырғағы, ұйқасы айқын сезіліп, кейбіреулері өлеңге жақындап қалады.
«Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді», «Өнерлі жігіт өрде озар,
өнерсіз жігіт жер соғар», «Ұштым, ұшпаққа шықтым, тептім, терекке
102
шықтым», «Алдымда да шоқ қамыс, артымда да шоқ қамыс», «Бір
қолымда илі қайыс, бip қолымда исіз қайыс» (
атқа мінуді жұмбақтау.
Үзеңгі, ердің қастары, қамшы, жүген
)
Жоғарғы айтылғандарды қорыта келгенде, өлеңнің қара сөзден
негізгі
бір айырмасы ырғағында, өлең сөйлемдерінде ырғақтың берік
сақталуында. Кейбір көркем қара сөздерде де ырғақтың күштілігі
аңғарылады, бірақ ол өлеңдегі тәрізді қатал сақталынатын заңдылыққа
бағынбайды. Бір жерде ырғақты келсе, екінші жерде сақталмайды және
ырғақты бұзушылықтан шығармаға кемшілік те келмейді. Егер бір
шығарма басынан аяғына шейін ырғаққа құрылса, оны ұйқассыз өлең не
ырғаққа негізделген қара сөз дейді. Қалай болғаңда да олардың әлі шын
мәніндегі өлеңдік дәрежеге жете алмай жатқандығы аңғарылады.
Көркем қара сөзден өлеңнің ерекшелігі – ұйқасында. Өлең
жолдарының аяққы дыбыстарының не бірнеше буындарының құлаққа
бірыңғай естілушілігін өлеңнің ұйқасы десек, ондай берік сақталатын
ұйқастар қара сөздерде болмайды.
Кейбір сөйлемдердің аяғында
кездесетін ұйқас тәрізді, құлаққа бірыңғай естілетін буын, не дыбыстар
өлеңдегідей айқын сезіліп, сезімге әсер етпейді, сондықтан қара сөздер
ұйқассыз көркем шығармалардың түріне жатады.
Өлең ырғағының жасалуы шығармадағы ырғақтың айқын сезілушілігі
тек қана бунақ (қайталанатын жол бөлшектері), буындардың бірыңғай
келулері ғана емес, бунақ, буын жасайтын дыбыстарға да байланысты.
Неғұрлым буын, бунақтардың дыбыстары әуезді болып келсе, соғұрлым
ырғақ айқын сезіледі. Дыбыс әуезділігі ашық естілетін дауысты
дыбыстарға немесе созылыңқы естілетін ұяң дыбыстарға негізделінеді.
Сөзге не либреттоға музыка жазушы композиторлар бұл мәселеге тым
талғампаз келеді. Сөйтіп ырғаққа негізделген, синтаксистік біткен бір
ойды білдіретін шумақ жолдарында буын, бунақтары дәл қайталанып,
жол аяқтары ұйқасқа құрылатын көркем шығармалардың, бір түрін
өлең
дейміз.
Бұл айтылғандар ең алдымен өлеңнің түрінің қара сөздерден ерекшелігі
болып табылады. Шын мәнінде өлең болу үшін, сол айтылғандарға
қосымша,
өлеңнің терең мазмұны, адамның эстетикалық сезіміне әсер
етерлік құдіреті, күші болу керек. Шын мәніндегі өлеңге тән ерекшелікті
қазақ әдебиетінің классигі Абай тамаша дұрыс айтқан.
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Тет-тегіс жұмыр келсін айналасы...
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы.
103
Демек, ырғаққа, буын, бунаққа, ұйқасқа негізделген өлең сөздер,
шын мәніндегі өлең дәрежесіне жету үшін «іші алтын, сырты
күміс», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік» қасиеті болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: