Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет63/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Синтаксистік параллелизм. 
Өлең не қара сөздерде бірінші сөйлем 
құрылысы екінші сөйлем құрылысында бірен-саран ғана сөзі өзгеріп
басқа сөз тіркестері сол қалпында қайталанса, 
синтаксистік
параллелизм
деп атайды. Мысалы:
Жақсылық көрсем – өзімнен, 
Жамандық көрсем – өзімнен. 
(Сұлтанмахмұт)
Ауыз әдебиетіндегі Қобыланды туралы айтылған мына үзіндіде 
алдыңғы екі жол мен соңғы екі жол параллелизм ге жатады. Бұл 
үзіндіде алдыңғы екі жол мен соңғы екі жол параллелизмге жатады. 
Қайталау,олардың түрлерінде синтаксистік параллелизмге тән жайттар 
толық аңғарылады.
Қара Қыпшақ Қобыландыда 
Нең бар еді, кұлыным?!
Сексеннен асып, тоқсанға 
Таянғанда, тұрмастай,
Үзілді ме жұлыным?!
Қара Қыпшақ Қобыландыда 
Нең бар еді, құлыным?!
КӨРКЕМ ТІЛДІҢ БАЙЛАНЫСТАРЫ МЕН 
ОНЫҢ МАЗМҰНҒА БАҒЫНАТЫНДЫҒЫ
Шығарманы жақсылап тексеру үшін, оның тілінің кейбір жақтарын 
(мысалы: эпитет, теңеу, т.б.) алып қарауға да болады, бірақ бұл жеткілікті 
емес. Оның әртүрлі өзгешеліктерін бір-бірімен байланыстыра отырып, 
тілін бүтіндей алып тексеру керек.
Мысал үшін бірнеше жазушылардың тілдерін алып салыстырсақ
араларында үлкен-үлкен айырмалары барлығын байқаймыз. ХVIII 
ғасырдағы Бұхар жырау мен XIX ғасырдың алдыңғы жарымындағы 
Махамбетті алсақ, поэзияларының тілдерінде де үлкен айырмалар бар. 
Бұлардың тіліндегі өзгешеліктер олардың дәуірлерінің өзгешеліктері 
ғана емес.
Бұхар – өз кезінің әрі биі, әрі ақын, жыршысы. Оның дүние танушылық 
көзқарасы да сол ортаның мақсат-тілегіне бағыныңқы болды. Бұхар 
өлеңдерінің тек мазмұны ғана емес, оның тілі де өз ортасына арналған 
тіл. Бұхардың образ қолданыстары жұмбақталған, айтайын деген ойды 
ашып айтпай, ұшығын көр сете сөйлеу негізгі бір қасиеті боп саналады. 
Бұхардың:


97
Қарағай – судан қашып, 
Шөлге біткен бір дарақ.
Шортан – шөлге шыдамсыз,
Балықтан шыққан бір қарақ, –
деп келетіні де сондықтан. Бұхардың жеке эпитет, метафора, теңеулерін 
алсақ та, осы тәрізді ылғи жұмбақталған, ұшығын көрсете сөйлеген 
образдар боп келеді. Бұхардың ізін баса шыққан Махамбетті алсақ, 
оның тілі Бұхардан өзгеше. Ол өз кезіндегі үстемдік етуші тапқа қарсы 
шықты. Езуге шыдай алмай хан, патша, төре, сұлтан, билерге қарсы 
көтерілуші шаруалардың жыршысы болды. Поэзиясының тілі – халық 
тілі, сондықтан да оның тілі әрі өжет, өткір, көпшілікке түсінікті.
Беркініп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғың жоғалмай...
Қасарысқан жауыңа
Қанды көбік жұтқызбай, –
деп көтерілуші еңбекші шаруалардың не істеу керектігін қолға 
ұстатқандай етіп сөйлейді. Оның әрбір образдары да сол күрес тілегіне 
бағыныңқы түрде жасалады. Тап осы тәрізді, әр таптың жазушыларының 
тіл өзгешеліктері болатындығын орыс әдебиетінен де анық көруге 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет