Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет61/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Эллипсис 
(грекше
 
– elleipsis
 
– сөз тастап кету). Сөйлем құрастыруда 
айтылуға тисті кейбір сөздерді тастап жазуды 
эллипсис
дейді, бірақ тастап 
кеткен сөздің мағынасы оқушыға ап-анық. Эллипсисті жазушылар не 
сөйлемді қысқартып, оқиғаны тездету үшін, не түрлі себептермен айтуға 
мүмкіндік болмай, бітпей қалған ойды көрсету үшін немесе адамның не 
қуаныш, не кейістік, не қайғылы қалпындағы сөзді беру үшін қолданады.
Эллипсис болу үшін сөйлемде не бір сөз, не бірнеше сөз жоқ болуы 
керек. Әйтсе де жоқ сөзді білуге болады. Мысалы: «
Кеп қалды... ойбай, 
кеп қалды...
» дегенде сөйлемнің ең керекті мүшесі «
жау
» деген сөзді 
тастап кетіп отыр. Мұндағы мақсат – сасқандықты, апас-қапас қимылды 
көрсету; «жау» деген сөзді тастап кеткеннен сөйлем әлсіреп тұрған жоқ, 
қайта жұмбақталып не болар екен?, кім кеп қалды екен? дегізіп, оқушыны 
ынтықтырып отыр.
Эллипсистер ылғи көп ноқатпен жазылады, бірақ көп ноқаттың басқа 
да келетін жерлері болады, сондықтан көп ноқат келген жерлердің бәрін 
эллипсис деп қарауға болмайды. Эллип сис болу үшін, сол көп ноқат 
қойылған жерлерде айтылмай қал ған сөз не ой болуы керек. Соның 
ұшығы көрсетілген болуы ке рек. Сонда ғана эллипсис болады.


93
Біз әнгімені фигурадан бастадық та оның түрлері – 
қайталау, арнау, 
антитеза, дамыту
, т.б. айта келіп, ең аяғында эллипсиске тоқтадық. Осы 
айтылған сөздің өткірлігін, әсерлілігін күшейтетін барлық синтаксистік 
сөйлем құрастыруларды, бір сөзбен айтқанда, 
фигура
 
деп атайды. 
Фигуралар сезім күші кернеген сөздерде қолданылады.
Біз жоғарыда антитеза туралы мысал келтіргенде, бір-бірін бетпе-бет 
қойған екі сөздерді ғана алдық. Антитезалық құрылысты біз тек сөздерді 
ғана емес, бүтін шығарма құрылысынан да табуымызға болады. Яғни екі 
сөз емес, екі құбылысты бір-біріне, қарсы қойып, бүтін шығарма жазуға 
болады. Мысалы, Ақжүністің Қарт Қожаққа айтқан сөзі антитезаның 
осы түріне жатады. Мұнда Ақжүніс Қарт Қожақтың, жас күндеріндегі 
өмірін, істерін алпыстан асқандағы күйіне қарсы қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет