Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет59/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Шендестіру (
грекше
 
– atithesis
 
– антитеза
 
– қарсыма-қарсылық).
 
Мағына жағынан біріне-бірі қарсы, аралары алшақ жатқан екі нәрені 
бетпе-бет қоюды 
шендестіру
дейді. Антитезада бір нәрсені екінші 
нәрсеге қарсы қоюмен үшінші нәрсенің қандай екенін анықтайды. Ақ пен 
қараны қатар қойсақ, арасы алшақ екі түс шеңдескенде, ақтың ақтығы 
анық көрінеді. Бұл үщін неғұрлым арасы алшақ жатқан нәрселерді бір-
біріне бетпе-бет қойса, солғұрлым анықталатын нәрселер күшті шығады. 
Мысалы:
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, етім көр,
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де, бетім, көр.
(«Тарғын» жыры)
Бұл үзіндіде қара жер мен қарды қатар қояды да, қардың ақтығына 
қара да менің етіме қара; қар мен қанды қатар қояды да, қанды көріп, 
менің, бетімді көр дейді. Ақжүніс етін қарға, бетін қанға баламайды да, 
теңемейді де, тек арасы алшақ жатқан екі түсті бір-біріне қарама-қарсы 
қою арқылы үшінші түсті көзге елестетеді. Ол – Ақжүністің ақтығы.
Антитезаның ең күшті түрін қазақ әдебиетіне кіргізген ақын 
Абай, Абайда тек қана екі нәрсе емес, үш нәрсені қатар қоюшылық 
және әр біреуін жеке-жеке алғанда өз алдына эпитеттері бар сөздерді 
қолданғандығын көреміз. Мысалы:


91
Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл,.
Ұқсайды қаса сулу шомылғанға, 
Қара шашын
көтеріп екі шынтақ
О да бүлк-бүлк етпей ме сипағанда,
Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш,
Қара
шаш, 
қызыл
жүзді жасырғанда,
(Абай)
Міне, мұндағы курсивпен басылған бірінші жол мен бесінші жол 
антитеза және мұндағы қарама-қарсы қойылғай тек қана екі нәрсе емес, 
үш нәрсе. Сонымен қатар әр сөздерін жеке-жеке алсақ, 
аппақ, қызыл, 
қара
сықылды сын есімдерден жасалған эпитеттері де бар. Абайдың бұл 
жазғаны – антитезаның ең күшті түрі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет