ФИГУРА
ФИГУРА
(латынша
– figura
– образ, түр). Әдебиетте сөз өткір,
тартымды, әсерлі болуы үшін, сөз таңдау, ауыстырып айтудан басқа да
әдістер қолдайылады. Жазу шы, ақындар кейде дағдыдағы синтаксисті
аттап өтіп, синтаксистің өзгешелеу түрін жасайды. Сөйлемді айтылып
жүрген қалпынан өзгертіп құрады. Бұл алтыға бөлінеді: Арнау, 2)
қайталау, 3) шендестіру (антитеза), 4) дамыту, 5) инверсия, 6) элепсис.
Арнау.
Жазушы не өзіне, не біреуге, не көпшілікке қайырыла сөйлесе,
арнау
дейді. Бұл үшке бөлінеді: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау.
Жарлай арнау.
Сәбит «Сұлушаштың» «Кілт» деген бөлімінде
85
(прологында) кімді жырлайтынын, нені айтарын, өзінің кім екенін,
қай таптан шыққанын айтады. Мұнда бір адамға, не бір нәрсеге емес,
көпшілікке қайрыла сөйлейді. «Сұлушаштың» осы «Кілт» деген бөлімінің
бас жағы түгелдей
жарлай арнауға
жатады:
Қияға өрлеп, қырандай қанат жайып,
Табым десе, қозады аруағым,
Түпсіз қара тұнықта суды кешсем,
Тап қолыма медеу қып ұстар талым.
Көзсіз көрдей басыма күндер туса,
Табым қолда жарық қып ұстар шамым.
Менің табым – еңбекші, еңбек ері,
Онсыз менде көрген күн – бұлдыр сағым.
(Сәбит)
Ыбырай Алтынсариннің:
Бір Аллаға сыйынып
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар, –
деген оқуға шақыруы да жарлай арнауға жатады.
Сұрай арнау.
Жазушы біреуге не көпшілікке қайрыла сөйлесе және
сол сұрағанына жауап күтсе,
сұрай арнау
дейді. Мысалы:
Желі толған сары түйе,
Ағажан, кімге тапсырдың?
Қора толған ақты қой,
Ай көке, кімге тапсырдың?
Тоғай толған мың жылқы,
Күн көке, кімге тапсырдың?
Тоқсанда әкең Тоқтарбай,
Алпыста шешең Аналық,
Бірге туған мен зарлық,
Ай көке, кімге тапсырдың?
(Қобыланды» жыры)
86
Бұл сұрақтарға, Қобыландының өзі жауап қайырады. Сұрай арнаудың
бір түрі –
Достарыңызбен бөлісу: |