Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет51/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Ирония
Ирония (грекше
 
– еіrоnеіа
 
– ажуа, келеке). М.Әуезовтің 
«Айман – Шолпанының» бір жерінде Теңгеге Айман былай деп жауап 
береді: «
Менде де бар бір жаман, Не қылайын қазақтың. Жүйрігі 
мен жорғасын
». Бұл сөзді Айман шын көңілмен айтып отырған жоқ
Көтібарды ажуаға, келекеге айналдырып отыр. Сөйлем құрылысының 
сыртқы түріне қарағанда, Көтібарды жүйрік, жорғаға балап, мақтап 
отырған сықылды. 
Міне, осы келтірілген үзінді тәрізді сөйлем құрылысының түріне 
қарағанда, адамға, нәрсеге сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы 


80
оған қарсы шығып, жақсы бағаны жоққа шығарса және сол нәрсені 
келекеге айналдырса, 
ирония
дейді.
«Біржан мен Сара айтысында» Сараның Жиенқұлды мақтап сөйлейтін 
сөздері оқушыларымызға таныс. Сараға Жиенқұлдың сыр-сипат, мінез-
құлқы мәлім. Ол қай жағынан болса да еш нәрсеге арзымайтын, мейлінше 
бишара адам, бірақ Сара айтыс үстінде оны мақтаған боп сөйлейді. 
Байыбына барыңқырасақ, олай емес, Сараның мақтауы оны кекету, 
келекеге айналдыру екендігін аңғарамыз.
Қылмасын дос Жиекем сөзге сынық,
Шалқардан ағып жатқан сөзі тұнық.
Қамалдан тартынбайтын 
ғазиз ерім,
Көлге кеп түсіп кетсін көзін жұмып.
Асылым құдай берген өз бағыма,
Тең келмес жеті Біржан тырнағына.
Найманда ұлы дария саяткерім, 
Балық боп ілінгемін қармағына...
дейді.
Қайтсін қолы тимепті
Өлеңші, әнші, 
есіл ер
,
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де билей бер!
(Абай)
Міне, осылар тәрізді адамды не бір құбылысты мақтай отырып, әжуа, 
күлкіге айналдыру иронияға жатады. 
Сарказм 
(грекше
 – 
sarkasmus
 
– қинау
, sar – 
дене)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет