79
Жөнелді ертең, қалды үміт,
Көк жүзінде ойнақтап, –
деген үзіндіні алсақ, мұны тек жалғыздықтың символы деп қана емес,
табиғат құбылысының бір алуан суреті – пейзаждық өлең деп те ұғынуға
болады. Аллегорияда екі ұшты түсінуге жол жоқ. Мысалы:
Тұрды патша (арыстан) қайғырып, уайым жеп, –
«Ала қойды болады қайткенім еп?»
Аю, түлкі қасында – уәзірлері,
Кеңеседі оларға «Қайтемін?» – деп.
Қолбаң етіп, қорс етіп, сөйледі аю:
Батыр патшам, не керек көп ойлану.
Қойды жан деп есіркеп кім аяйды?
Ақылы ала қойдың – қырып салу...
Аңдардың арасында бұл тәрізді кеңестің болмайтыны жұрттың
бәріне мәлім, сондықтан арыстан да, аю да, қасқыр, түлкілер де
адамдардың араларында болатын қулар мен қара жүректерді,
ала қойлар – момындарды меңзейді. Айтайын дегені зұлымдық,
қулық, олардың момындарға жасайтын зорлық-зомбылықтарын
астарлап айтса да, тұжырымды образ арқылы түсінікті анағұрлым
жеңілдетеді. Аллегориялық ұғымды әркім әртүрлі талқылауға жол
қалдырмайды.
Аллегориямен жазылған шығармалар қазақтың ауыз әдебиетінде
де, жазба әдебиетінде де бар. Қазақ фольклорындағы өтірік өлеңдер
аллегория тілімен жазылған. Жазба әдебиетте Абайдың «Қарға мен түлкі»
аудармасы, Сұлтанмахмұттың «Екі тышқаны», Сәби Дөнентаевтың
«Екі текесі» – мысал өлеңдер, аллегориямен жазылған шығармалар.
Жалпы алғанда, мысал жазушылардың қайсысы болсын аллегория
тілін қолданады. Революцияның алғашқы дәуірінде аллегория тілін
қолдана отырып, мысал жазушылар совет әдебиетінде де бар (Асқар
Тоқмағамбетов, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: