Кейіптеу (олицетворение).
Жаратылыстың жансыз нәрселерін,
тап жанды нәрселердей етіп жандылардың істейтін амалдарын
істеткізіп суреттеуді
кейіпте
у
деп атайды.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды,
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(Абай)
74
Қоңыр қаз балапанын жайып жүрген,
Біріне-бірі неге сыбырлайды?
Күн жадырап, жайылып өз-өзінен
Не жақсылық жұмысты ырымдайды?
Өсімдік жел тынғанда иіп басын
Қалайша себебі жоқ қыбырлайды?
(Сәбит)
Осы келтірген үзінділердің бәрі де
кейіптеуге
жатады. Кейіптеу
арқылы автор жансызға жан беріп, тілсізге тіл бітіреді, не қайғылы,
не қуанышты оқиғаны суреттегенде, оған және табиғат қосылады да,
оны бұрынғыдан да күшейте түседі. Шығармадағы оқиғаға табиғатты
қатыстырып не қайғыртып, не қуантып суреттелген жерлер өте әдемі,
оқушыны еріткендей әсерлі және күшті боп келеді.
Метонимия
(грекше
–
metonymia
– алмастырып атау). Шындық
өмірдің әртүрлі құбылысы жалаң нәрсе емес, бір-бірімен байланысып,
ұштасып жатады. Осы құбылыстың түрлі жақтарынан не тек қана бір
жағын алып, не атын айтып көрсету күнделік сөзде де, әдебиетте де жиі
кездеседі.
Әрине, бұл үшін не нәрсенің аты, не сол құбылыстың бір жа ғы
кездейсоқ алына салмайды. Сол құбылысты бүтіндей көрсете алатын
өзгеше көңіл аудара алады деген сөздер қолданылады. Кейде қалпағы
бар біреуге: «Ей, қалпақ!» – дей саламыз. Мұнда адамның орнына оның
киген киімін, қалпағын, айтамыз. «Ол үйдің адамдары көңілді екен»
деудің орнына, «көңілді үй екен» дейміз. «Ойын қойып, өлең айтып,
уақытты көңілді өткіздік» деп, болған оқиғаның орнына «уақытты жақсы
өткіздім», – деп мезгілін айта саламыз. Немесе еңбектің орнына сол
еңбекті жасайтын құралын айтамыз. «
Ол нанды қаламымен табады
».
Кейде кітабының орнына жазушысын айтамыз. «Мей Aбайды
оқыдым», «Пушкинді оқыдым» дейміз. Мысалы, «Пушкиннің, Абайдың
шығармаларын оқыдым». Өздерін оқуға болмайды, бірақ аттарын
айтқанда-ақ шығармасын оқығанымыз түсінікті болғандықтан, аттарын
айта саламыз.
«Қала мен ауылдың байланысы күшейді» дейміз. Бұл сөздің өз
мағынасын алсақ, олардың өздері байланыспайды. Байланыс қаладағы
еңбекшілер мен ауыл еңбекшілерінің араларында бо лады. Мұнда адам
мен оның тұратын орнын алмастырып отыр.
Көк темірді киініп
Шықты батыр жекеге.
(Батырлар жыры)
75
Алты құлаш ала атпен,
Үсті толған болатпен
Сайдан шықты құла атпен.
(«Ер Тарғын» жыры)
Ертеңнен салса, кешке озған,
Ылдидан салса, төске озған.
Қой мойынды көк жұлын,
Томаға көзді қасқа азбан.
Көк жұлынды жетелеп...
(Махамбет)
Бұл мысалдарда да, алдыңғы сықылды, бір нәрсенің орнына, екінші
мағынадағы сөздерді қолданады. Темірден жасалған сауыт киді деудің
орнына, темірдің өзін кигізеді. Масаты, құлпыдан жасалған киім киіп
деудің орнына, «масаты мен киіп құлпы» деп, киімнің жасалған затын
алады. Масаты, құлпы, темірді өз ұғымында киюге болмайды, бірақ
киімді жасалған затымен алмастырып айтқанда, киім ұғымын бере
алатын болғандықтан, «масаты, құлпы, темір киіп» деп те атайды.
Махамбет аттың орнына «жұлынын» ғана алады.
Міне, осылар сияқты, не құбылыстың бір жағы, не аттары алынып,
өз мағынасында емес, екінші мағынада араларындағы жақындығымен
бірінің орнына екіншісі алмастырылып қолданылса және сол құбылысты
түгел көрсете алса
метонимия
дейді.
«
Қаламы жүйрік
», «
тілі өткір
» деген сөздер де метонимияға жатады.
Метонимияны қолданғанда да автор өзінің айтайын деген пікіріне
бейімдей және ең өткір, ерекше көзге түседі дегендерін қолданады.
Махамбет жақсы жүйрік, шабуылға берік атты жетеледім деудің орнына
«
көк жұлынды жетелеп
» дейді. Жұлынның жетеленбейтіні жұртқа
мәлім. Жұлын ат екені түсінікті және оның жетегіндегі атының қандай
ат екенін «
көк
» деген эпи тет түсіндіріп тұр. Қазақ ең жүйрік, шабысқа
болмайтын, талмайтын аттарды «
көк жұлын
» дейді. Ол сөзді Махамбет
шебер түрде орнына пайдалана алған.
Көзінен мөлдір жасы мөлт-мөлт тамып,
Буланып қырау басқан
жер
тыңдады.
Одан басқа мал баққан, отын жаққан,
Қақ сауыс, қара, жыртық
жең
тыңдады.
(Сәбит)
Егер бұл үзіндідегі сөздерді айтқан күйінде ғана алсақ, геройдың
қайғысын жер тыңдады, сонымен бірге мал баққан, отын жаққан сауыс
76
жең тыңдады дейді. Шынында, айтайын дегені жең бе? – Жоқ, жең емес,
мал баққан, байларда қызмет еткен адамдар, бірақ ақын мал бағушы,
қызмет қылушылардың ор нына жеңін ғана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |