Кейбір зат есімдер:
(күміс ай, алтын күн, меруерт
жұлдыз
), есімше,
көсемше етістіістер:
(қайнаған
күн,
жайнаған
күн,
гүлденіп, аймалап),
көбіне осылар сықылды затты анықтайтын сөздер болады. Тілдегі барлық
сын есім, барлық анықтайтын сөздер кез келген жерде эпитет бола
бермейді, өйткені сын есім жай ғана, өз мағынасында қолданылса, бір
нәрседен екінші нәрсені айыру үшін ғана айтылса, ол эпитет болмайды.
Эпитет болу үшін, сол нәрсені анықтай көрсетумен қатар, сол эпитеттің
тигізетін әсері болуы керек. Сын есімдердің, анықтайтын сөздердің
кейбірі нәрсенің жай ғана сынын, қалпын көрсетсе, кейбірі эпитет болады.
Мысалы:
қара, қызыл, ақ, биік, аласа, толқынданған, ақшыл
деген сөздер
бір жерде эпитет болса, екінші жерде эпитет бол майды. Бұлар суреттеген
нәрсенің әсерін күшейту үшін оқушы сол нәрсенің суретін көз алдына
елестету үшін қолданса, эпитет болады:
Адасқан
күшік секілді,
Ұлып
жұртқа қайтқан ой.
Өкінді
жол
ың, бекінді,
Әуре болма, оны қой!
Абайдың осы өлеңінде үш эпитет бар «
адасқан
»
,
«
ұлып
»
,
«
өкінді
жол
». «Адасқан күшік секілді» деген жолдағы «адасқан» өткен шақтық
есімше етіс арқылы жасалынған. Жай күшік емес, «адасқан күшік» «Ұлып
жұртқа қайтқан ой» деген жолдағы «ұлып» өткен шақтық көсемше, жай
қайтқан ой емес, «ұлып қайтқан ой». Бұл жерде «адасқан», «ұлып»
– эпитет, өйткені негізгі айтайын деген пікір жалыққан «ой» туралы
болса, ондай ойды, басқа кездердегі ойлардан өзгеше түрде етіп, ерекше
жекелеп көрсету үшін әлгі сөздер көркемдік жұмысын атқарып отыр.
Өмір картинасын немесе портрет жасау үшін эпитет, әсіресе күрделі
эпитеттер, көп қолданылады. Бір жолда бір ғана емес, бірнеше эпитеттер
қатар келсе, оны эпитеттің
күрделі эпитет
не эпитеттің ұлғайған түрі
дейміз. Мысалы:
67
Шоқпардай кекілі бар,
қамыс
құлақ,
Қой
мойынды,
қоян
жақ,
бөкен
қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке,
үңірейген
болса сағақ.
(Абай)
Осы төрт жол өлеңді алсақ, «
шоқпардай кекілі бар
» деген сөйлемдегі
бір теңеуден басқасының бәрі де эпитет.
Достарыңызбен бөлісу: |