Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет45/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

ТРОП
Троп
– (грекше – 
tropos
 
– бұрылыс, бұрма) деген сөз. Тілімізде өз 
мағынасында қолданатын сөздермен қатар, ауыспалы мағынасында 
қолданылатын сөздер де аз емес. Олар әсіресе көркем әдебиетте көбірек 
кездеседі. Көркем тілдің басқа түрлерінен ауыстыру мағынасында 
қолданылатын сөздердің негізгі ерекшелігі астарлылығында. Бір нәрсені 
айтып, екінші мағына ұқтыруында. Мысалы, ақындар: «
Алатау ақ 
бас шалым көпті көрген
» не «
жұлдыз жымыңдады
», «
күн күлді
» деп 
жазады. «
Мен Абайды оқыдым
», «
көше ояу
», «
ана үйдің құдасы келді
» 
дейтін сөйлемдердегі сөздерді алсақ, бәрі де 
ауыстыру
мағынасында 
қолданылған сөздер. Тауды «ақ бас шалым» деушілік адамға, шалға ғана 
айтылатын ұғым, түсінік, әйтсе де «ақ бас» деген эпитет арқылы оны 
тауға пайдаланып отыр. Шалдың басының ақ болуы мен тау басынан 
әрдайым қардың үзілмеушілігі екеуінің бір-біріне түстері жағынан 
ұқсастығы десек, осының негізінде ақын бірінің орнына екіншісін 
ауыстырып қолданып отыр.


69
«Жұлдыз жымыңдады», «күн күлді» жанды нәрселердің істейтін іс-
амалын жансыз нәрселерге істету, «көше ояу» адамның орнына тұрағын 
айту. «Абайды оқыдым» шығармасының орнына авторын айту, т.б. 
осылар тәрізді сөз қолданыстар 
троп
немесе 
ауыспалы мағынасында 
қолданылатын сөз

Троп негізінде алтыға бөлінеді: 1) метафора, 2) кейіптеу, 3) метонимия, 
4) синекдоха, 5) символ, 6) аллегория.
Метафора 
(грекше
– 
metaphora
 
– 
ауыстыру
).
 
Сөздің ауыстыру 
мағынасында қолданылуы, екі нәрсенің ұқсастығына қарай, бірін бірімен 
ауыстырса, оны 
метафора
деп атайды. Метафоралық сөздер 
сын есім
(ақ 
бас шалым), 
зат есім
(ба ла – жүрек, бала – бауыр) және 
едім, едің, еді, 
екен
деген көмекші етістіктер арқылы да жасалады, кейде 
ем, ең,
т.б.
Бала 
– жүрек ортасы.
Бала
– ананың қолқасы.
Бала 

 бауыр, бал бауыр,
Бала, ана 

 зор бауыр.
(Жақан Сыздықов)
Үйткені Алтайға біткен тұлға,
Байланбаған – 
мүшесі 
– сұлу 
құлын.
(Сәбит)
Гималай 

 
көктің
 кіндігі,
Гималай 

 
жердің
 түндігі.
(Ілияс)
Бұл үзінділерде екі нәрсені бір-біріне тікелей балайды, бірақ метафора 
ылғи бұлай бола бермейді. Кейде метафора 
едім, едің 
деген сөздер 
арқылы да жасалуы мүмкін. Мысалы, Махамбеттің: 
Мен, мен едім, мен едім.
Исатайдың барында 
Екі тарлан 
бөрі едім...
(Махамбет)
Мен 
Қырымның ішінде
Ақша ханның 
қызы едім.
Атам менен анамның
Асыранды 
қазы едім...
...Жылқыда шаңқан 
боз едім,
Қойда бағылан 
қозы едім.


70
Қытай менен Қырымнан
Тамам жақсы жиылса, 
Аузындағы
 сөзі едім.
(«Тарғын» жыры)
Сен жаралы
 жолбарыс ең.
Мен
 
киіктің
 лағы ем. 
(Абай)
Бұл үзінділердегі «
Екі тарлан бөрі едім
», «
Асыранды қазы едім
», «
Мен 
киіктің лағы ем
» деген сөздер метафораға жатады. Мұнда да екі нәрсені 
бір-біріне балау мағынасы бар, бірақ бұлар 
едім,
соның қысқартындысы 
ем, ең
арқылы баланып отыр. 
Едің, екен
де осылар тәрізді боп келеді.
Метафораның негізінде де теңеу сықылды екі нәрсені бір-біріне 
салыстырушылық болады. Бір қарағанда метафора теңеудің қысқарған 
түрі тәрізді, өйткені басқа сөз қоспай-ақ теңеу жұрнақтарын жалғап, 
метафораны оп-оңай теңеуге айналдыруға болады. Мысалы: «
Бала 
жүрек, бауыр 
ғой, 
Бала 
– 
бауыр, бал бауыр» 
деген үзіндедегі «жүрек, 
бауыр» деген сөздерге 
-дей, -дай
жұрнақтарын жалғап, теңеуге 
айналдыруға болады, бірақ олар метафораның мағынасын бермейді, 
теңеу мағынасын береді.
Метафораның бір алуаны: 
-мын, -бын, -пын, -сың,
жіктік жалғаулары 
не 
-м, -ң, -ы (сы)
тәуелдік жалғауларының көмегімен жасалынады. 
Мысалы:
Сен
 
– бұзау терісі 
шөніксің
31
,
Мен – өгіз терісі 
талыспын
32
(Бұхар)
Бес түлеген 
бөрімін,
Белге соқсаң жығылман.
(Халық жыры)
Халқыңыз қапа болмайды,
Есен барса жолбарысың.
(«Қобыланды» жыры)
Байеке, сіз бір аққан бұлағымыз 
Зарлаған 
біз
бір жетім 
лағыңыз.
32
Шөнік – бұзау терісінен жасайтын қол аспаптар (біз, пышақ, шаппа шот, т.б.) салатын дорба. 
33
Талыс – үлкен аспаптар салатын, аяққап тәрізді ыдыс. Өгіз терісінен жасалған. 


71
Исатай 
– ел еркесі, ел 
серкесі,
Айырылып сонан Шекең қайғылы еді.
(Шернияз)
Метафорада екі зат не екі құбылыс (балайтын және баламайтын) 
қатар алынады. «Сен – шөніксің» 
(сен
және 
шөнік),
«Исатай – ел серкесі 
(Исатай
және 
серке),
т.б. Жіктеу, тәуелдеу жалғауларының немесе 
көмекші етістердің жәрдемімен жасалған метафораларда көпшілігінде 
бірінші жағы көрінбей ойда тұруы, әйтсе де сөз метафораның мағынасын 
беруі мүмкін. «
Бес түлеген бөрімін
», «
Қойда бағылан қозы едім, 
жылқыда шаңқан боз едім
» деген сөйлемдерде «мен» жасырынып тұр. 
Кейде екі жағы да қатар келе береді. «
Сен жаралы жолбарыс ең, мен 
киіктің лағы ем
», тағы басқалар.
Метафора кейде 
бейне, бейне бір (тең)
деген сөздердің көмегімен де 
жасалады.
Пайдасы мол 
жігіттер,
Дария шалқар 
көлмен тең.
Өз басынан пайдасы аспаған 
Ел қонбаған 
шөлмен тең.
Аузы
бейне шалғы 
орақ 
Шөп емес, бірақ май орад.
Басы жоқ, төрт аяқты жансыз 
бір зат,
Құлағы жоқ, көзі жоқ, бейне 
бір ат.
(Қазақ мақал-мәтел, жұмбақтары)
Ескерте кететін бір нәрсе жіктік жалғауы не тәуелдік жалғаулары, 
немесе 
тең, бейне, бейне бір
және көмекші етістердің келген жерінің 
бәрін де метафора деп ұғуға болмайды. Ол
 
қате.
...Алыстан сағынып мен келіп едім...
Менің ұлым сен едің,
Сенің әкең мен едім. 
Тең теңімен, тезек қабымен, –
деген жолдардағы -
ым, -едің,
-
еді
лердің метафорамен байланысы жоқ. 
Олар метафоралық мағына бермейді. Олар (еді, едім, т.б.) бір нәрсені 
екінші нәрсеге балауға метафора жасауға көмектесіп тұр ма, әлде жай 
өздерінің грамматикалық қызметін атқара ма, міне, осы жағына қарау 
керек.
Метафораның жай түрі 
және
 ұлғайған түрі 
болады. Жай түрінде бір 
нәрсе екінші нәрсеге ғана баланады. Мысалы:


72
Сұлу аттың 
көркі
– 
жал,
Адамзаттың 
көркі
– 
мал.
Өмір сүрген кісіге 
Дәулет
– 
қызық, бала
– 
бал.
(Абай) 
Бұл үзіндіде бір нәрсе тек екінші нәрсеге ғана баланып тұр. Есімдік не 
басқа түрлер де осылай болып келеді: 
«Сенсің 
жан
 ләззаты, Сенсің 
жан
 
шәрбаты», т. б. 
Сонымен қатар метафораның ұлғайған немесе 
күрделі 
түрі
де болады және ол әдебиетте көбірек кездеседі. Мұның өзі екіге 
бөлінеді: бірінші, бір нәрсені бірнеше нәрсеге балау арқылы жасалады. 
«Дем алысы 

 үскірік, аяз бен қар, 
Кәрі 
құдаң қыс
келіп әлек салды». 
Бұл үзіңдіде «
дем алыс
» үш нәрсеге баланып отыр: 
үскірік, аяз, қар

сондықтан бұл метафораның күрделі түріне жатады.
Кейде бір нәрсені екінші нәрсеге балау үшін, әуелі балайтын нәрсенің 
өзін суреттеп алып, сосын балайды. Мысалы: «
Мен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет