68
затты екінші затқа теңегенде болымсыз мағына шығарады, мы салы: «
Ол
онша әдемі жігіт емес. Дегенмен бір көруге сиықсыз адам сықылды да
емес. Денесі томардай жуан да емес. Тал шыбықтай жіңішке де емес»
,
т.б.
Жалпы теңеу, оның ішінде болымсыз теңеу өлеңде де, қара сөзде де
кездесе береді. Есте болатын бір нәрсе жазушының жалпы тіл, оның
ішінде эпитет, теңеулер оның шыққан ортасымен байланысты болады.
Өндірісте, ауылда өскен жазушының тілі, эпитет, теңеулері де көбіне сол
ортадан алынады. Сондықтан тіл, образ қолданыстарына қарап, қандай
ортадан шыққан ақын, жазушы екендігін білуге де болады. Мысалы:
Топта бір нұрың балқиды
Сарыатанның айындай...
Еркелейсің, жан сәулем,
Қысырдың қызыл тайындай.
(Халық өлеңі)
Бұны шығарушы адам белгісіз болған күннің өзінде теңеу, эпитет, т.б.
жақтарына қарап, бұл өлеңді шығарушы мал шаруашылығымен тіршілік
еткен ортадан шыққан ақын деп, кім де болса айта алады.
Өмірдің әртүрлі жақтарын суреттеу үшін эпитет, теңеулер жазушыға
тіл құралының негізгісінің бірі боп саналады. Пушкин, Горький, Абай,
Сәкен, Ілиястай үлкен суретші, ірі ақындардың еңбектерінде эпитет,
теңеулері көп.
Достарыңызбен бөлісу: