Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет41/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Неологизм 
(грекше
 

 
neos
 
– жаңа, 
logos
– сөз).
 
Тілімізде, көркем 
шығармаларда бұрын болмаған сөздерді 
неологизм
 
дейді. Жаңа сөздердің 
тууы тілге табиғи нәрсе және тілді өсіретін, жазушылардың тіл байлығын 
кеңейте, өрістете түсетін жайдың бірі.
 
Неологизмдер кейде жеке, кейде қысқартынды сөз түрінде тууы 
мүмкін. Кейде түбірі тілімізде бұрын болса да, оған жұрнақ, жалғаулар 
қосу арқылы немесе бар сөзге жаңаша мазмұн, жаңаша мән беру арқылы 
жасалынуы да мүмкін. Кейде жазушылар, әдебиетшілер өздері де ойлап, 
неологизм жасауларына болады, бірақ бұл өте сирек және өте қиын 
нәрсе. Орыстың үлкен жазушыларының бірі Достоев ский орыс тілінің 
сөздік қорына «стушеваться» деген бір-ақ сөз кіргіздім деп мақтан етеді 
екен. «Өзімнің барлық әдеби еңбектерімнің ішінде өзіме ең ұнайтыны 
орыс тіліне енгізген бір ғана жаңа сөзім болатын, сол сөзді баспа жүзінде 
кездестіргенде, бойымды әрдайым жақсы сезім билеуші еді», – дейді.
Қазақ әдебиет тілінің негізін салушы ұлы Абайдың шығармаларын 
дәл осы жағынан алсақ, бұрын қазақ тілінде болмаған жаңа сөздер оның 
өзінде де мейлінше аздығын көреміз. 
Жаңа сөз табуға ұмтылушылық табиғи нәрсе, бірақ табу да,
 
ол 
табылған сөздердің тілде тұрақталуы да қиын. Бір кезде кейбір 
әдебиетшілер әдебиет терминдерін таза қазақша атауымыз керек деп, 
бірнеше сөздер ұсынды. Мысалы: 
пәнді әліптеу, сәнді әліптеу, көркем 
лебіз, көсе лебіз, айрық оңқай, жиылыңқы оңқай,
т.б
.
осылар тәрізді 
«жаңа» сөздерді тілімізге енгізбек болды, бірақ оларды автордьң өзінен 
басқа ешкім қолданған жоқ. 
Жаңа сөздердің тұрақталуы көпшіліктің тілегімен ұштасуында. 
Жұртшылық керек еткен, олардың көкейіне қонған, ой-пікірлеріне 
әсер еткен сөздер халыққа тез тарайды. Бір адам не бір баспа орны 
емес, көпшілік қолданады, сөйтіп ол тілден тұрақты орын алады. Сол 
көпшіліктің қолдануы – ол сөздің тілімізден тұрақты орын алуы деген 
сөз. Мысалы, 1957 жылы «Қазақ әдебиетінде» I.Жарылғапов «көрермен», 
«оқырман» деген туынды жаңа сөздерді қолданды. Бұған наразылар да 
болды, бірақ бұл «аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп» деген қазақта 
бұрын бар сөз, сөйлемдердің үлгісінде жасалынғандықтан ерсілігі болған 
жоқ. Қазір көпшілік қолданып кетті және бұл жаңа сөз жасауда бұрыннан 


64
келе жатқан әдістің бірі. Біз бұл тәрізді сөздердің классикалық үлгісін 
Абайдан көп кездестіреміз. Бұлар жалпы қазақ тілінде түбірі бар, соған 
жалғау, жұрнақтар қосу арқылы жаңартқан, бұрын дәл осы формада 
қолданылмаған жаңа сөздер тобы.
Құбылға бәрі зерек қой
Бәрі жайсыз тоқтауға.
Тың тұяқ күнім, сүйтсе де
Қарбаңдадым өкімдеп. 
Алқыны күшті асаулар,
Ноқтаға басы керілді.
(Абай)
Тап осы түрінде Абайға шейінгі әдебиетімізде қолданылмаған, 
бұларды біз бірінші рет Абай шығармаларынан кездестіреміз. Мұның 
жаңалығы осында, бірақ сол сөздердің түбірі бұрын да болған. «Құбыл, 
құбылу» – осыдан келіп Абай «құбылға» деген жаңаша ұғым беретін, 
ол сөздің бұрынғы мағынасын әлдеқайда кеңейтетін түрде қолданған. 
«Алқынудан» «алқыны», «өкімнен» «өкімдеп», «долыдан» «долығы», 
т.б.
Неологизмдер
арқылы ақын, жазушылардың әдеби тілді байыту, 
дамытулары бұрын қолданылмаған жаңа сөздер табуда емес, жаңа 
сөйлем, жаңа образ, сөзді жаңаша қалауында тәрізді. 
Біз Абай поэзиясынан осылар тәрізді өзіне шейін қолданылмаған 
эпитет, теңеу, кейіптеу немесе көркем тілдің, (поэтика тілдің) сан алуан 
басқа түрлерін жиі кездестіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет