87
сүйген жар жауға кеткен жалғызды жоқтап, зарығатын кездері болады.
Қысқасы, осылар тәрізді қаһармандардың ауыр халін мұңды, зар күйде
суреттеуде зарлай арнау шығармада ерекше орын алады. Зарлай арнау
монолог түрінде кездеседі
. Қаһарман көпшілікке не біреуге немесе басқа
бір нәрсеге қайырыла сөйлегенде, өз басының ауыр хал, қиын жағдайын
өте зарлы, мұңды түрде баяндайды. Әр сөзі жан жарасын сездіргендей
болады.
Төлеген оқ тиіп, өлер алдында өзімен бірге ұшып келген алты қазға
қайырыла сөйлеп:
Әуелеп ұшқан алты қаз,
Етің – шекер, сорпаң – паз.
Атайын десем – оғым аз,
Қонар болсаң, жануар,
Міне, майдан, міне саз.
Өлмеген құлға, құдай-ай,
Болып қалды ертең жаз.
Атамды айтып қайтейін,
Шешемді айтып қайтейін!.. – дейді.
Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Алтайдың өлер
жеріндегі монологы да осы зарлай арнау түрінде жазылған. Алтай
өлер алдында өмірге қайырыла сөйлеп, өзінің сол күрестен жасаған
қорытындысын баяндап және өмірмен ақырғы рет қоштасатын сөзінде:
Өмір шіркін, алдадың мен алдандым,
Алдады өмір, себеп не? Мен таң қалдым!
Жеміс піспей ауызға түспейтінін
Білдім, білдім, түсіндім, енді аңғардым.
Қош бол, жер, – көпті көзбен көрген ана!
Құшақта, тентегім жат! – де де, ана.
Панасыз ем, жалғыз ем өзіңе аян,
«Жоғалғыр жоғалды ғой» деме, ана!.. – дейді.
Келтірген үзінділердің екеуі де –
монолог түріндегі
зарлай арнау
.
Қаһармандардың басында болған күйініш-сүйінішті, жалпы сезім
дүниесіндегі психологиялық ауыр халдерді суреттеуде зарлай арнау
көркем әдебиетте жиі ұшырайды. Ескі ауыз әдебиетінің бір түрі
жоқтаулар, негізінен дерлік зарлай арнауға құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: