Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет68/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

силлабикалық 
өлең құрылысы
дейді. Мысалы: француз, чех тілдерінде де екпін 
аяққы буында келеді. Бұлардың өлеңдері екпінмен емес, буынмен 
өлшенеді. Бұлардың өлең құрылысын силлабикалық өлең құрылысы 
деп атайды. Қазақ тілінде екпін буыны сөздің аяғында не аяғына 
жалғас буында келеді. Екпін буыны аяғында келетіндігіне қарағанда 
қазақтың өлең құрылысы француз өлең құрылысына ұқсас.


104
Қазақ өлең құрылысы да силлабикалық өлең құрылысына жатады. 
Демек, қазақ тіліндегі өлең шығарудың негізгі шарты буын санын 
бірдей келтірумен орындалады. Қазақ өлең құрылысының негізі 
буында. Өлшеуіші – буын, бірақ бұл өзгермей бекіп қалған нәрсе 
емес. Өзгеруі мүмкін нәрсе. Сөйтсе де, қазіргі дәуірде әлі буын 
заңы күшті. Өлең құрылысы – буын заңына бағынған құрылыс. Ол 
талассыз. 
Шумақ
. Өлең құрылысы әртүрлі. Бұлардың сыртқы түрімен де 
танысуымыз керек. Түрді білу – түршілдік емес. Түрді мазмұннан бөліп 
алу – түршілдік. Түрді білу, түрді мазмұннан бөліп алу екеуі екі басқа 
нәрсе, бұл есте болуы керек. Сондықтан өлеңнің сыртқы құрылыстарына 
біраз тоқтап өтуге тура келеді. Бірнеше жолдар мағына жағынан, дыбыс 
үйлестігі (ұйқас) жағынан қиюласып келіп шумақ құрайды. Өлең 
сөйлемдеріндегі синтаксистік бір ойдың бітуін 
шумақ
деп атайды. 
Шумақ болу үшін өлең жолдарының көбі не азы шарт емес, синтаксистік 
бір ойдың бітуі шарт. Қазақтың бір ауыз өлең дейтіні бір шумақ болады, 
өйткені айтайын деген ой бітеді. Мысал үшін мына бір халық өлеңін 
алсақ, бір-ақ ауыз өлең және ой бітіп тұр. Сондықтан ол бір шумақты 
өлең болады.
Хат жаздым қалам алып қауырсыннан,
Қаршығам қаз іледі бауырсыннан.
Шақырса тауда тарлан таң сәріде,
Еділде бұғады үйрек дауысынан.
(Халық өлеңі)
Синтаксистік ойдың бітуіне қарай шумақ та әртүрлі болады. Ол 
екі жол өлеңнен бітсе, екі тармақты шумақ, үш жол өлеңнен бітсе, 
үш тармақты шумақ, төрт жол өлеңнен бітсе, төрт тармақты шумақ 
деп аталады. Тармақ саны бесеу де, алтау да он да, онан да көп 
бола береді. Ол – ойдың бітуіне қарай. Әр шумақта бірнеше тармақ 
болады. Шумақта тармақ екеуден кем болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет