120
Бұл жерде жалғыз-ақ соңғы буынының «а», «у»
деген дыбы сы
болмаса, басқа дыбыстары ұйқаспайды, сондықтан ол то лымсыз ұйқасқа
жатады. Ескерте кететін бір нәрсе толымды, толымсыз ұйқастар жалпы
ұғым. Ұйқастардың қандай түрі болсын,
құлаққа естілуі жағынан не
толым ды, не толымсыз ұйқастан құрылады.
Түрі жағынан қара өлең ұйқасы құлаққа естілуі, әуезділігі жағынан
толық ұйқасқа жататын бір мысал келтірелік:
Жасымда
ғылым бар ескермедім,
Пайдасын көре-тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгідінен кеш сермедім.
(Абай)
Бұл үзінді 4
жолдан тұрады, бір жолы ұйқассыз. 3 жолы (1-2-4)
ұйқасқан. Ұйқасқан 3 жолының бәрі де толық ұйқасқа жатады.
Соңғы
бунақтағы сөздердің мағынасы басқаша болғанмен, дыбыс құрылыстары,
құлаққа естілуі бірдей.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың ашығы, қысаңы, еріндігі, езулігі, қатаңы,
ұяңы бар. Ендеше дыбыстардың өзара осылай бөлінуі ұйқасқа да әсерін
тигізеді.
ҰЙҚАС ТҮРЛЕРІ
Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп, бірақ ең негізгі және көп
қолданылатындары мыналар:
1.Қара өлең ұйқасы.
5. Шалыс ұйқас.
2. Шұбыртпалы ұйқас.
6. Егіз ұйқас.
3.Ерікті ұйқас.
7. Аралас келетін ұйқас.
4. Кезекті ұйқас.
8. Осы күнгі
ерікті ұйқастар
Достарыңызбен бөлісу: