115
4 3
/Хан ұлына/ /теңгердік./
4 3
/Өздеріңдей/ /хандарды,/
4 3
/Қарны жуан/ /билерді/
4 3
/Қабырғасын/ /сөгілтіп,/
4 3
/Қабырғадан/ /аққан қан/
4 3
/Ат баурына/ /төгілтіп,/
4 3
/«Әділ» жаннан/ /түңілтіп,/
4 3
/Ат артына/ /өңгердік./
(Махамбет)
Жалғыз бұл үзінді емес, таза 7 буыннан құралатын поэма,
басқа да өлеңдер көп. 7 буынды өлең ылғи бұлай болып келмей,
8 буынды өлеңмен аралас келіп отырады. Ескі жырлардың бір
тармағы 7 буынды боп келсе, екінші тармағы 8 буынды боп келеді
және бұл сол ретпен келе бермейді. Кейде 7 буынды тармақтар
көпке шейін қатарлас келеді. 8 буынды тармақ та сол сықылды
ара сына 7 буынды салмастан, 8 буын болып, бірнеше жолға шейін
барады.
7 буынды мен 8 буынды тармақтарды аралас келтіруді Абай да
көп қолданады. Оның «Татьянаның хаты», «Онегиннің сөзі» деген
өлеңдерінің бір тармағы 8 буын да, екінші тармағы 7 буын, бірақ
Абай сол өлшемнен аспайды. Өлеңінің басынан аяғына шейін бірінші
жолы 8 буын, екінші жолы 7 буын болып келеді.
Мұны Абайдың басқа өлеңдерінен де табуға болады. Ал жырларда
олай емес, кей жолы 7 буынмен бірнеше жерге шейін барады да, 8
буынды жолға кеп түседі. Сәлден кейін 7 буынға қайта түседі, сөйтіп
айнымалы болады. Бұл жыр өлеңдеріндегі бір ерекшелік.
Достарыңызбен бөлісу: