129
Бейімбет қазақтың ескі поэзиясындағы юморлық әдісті жаңа идеялық
мазмұнға сәйкес ілгерілетіп дамытты. Қарапайым жай сөздердің өзін
шебер қиюластыруы, ирония, сарказмді іскерлікпен пайдалану арқылы
өмір құбылысын көркем бейнелеп, Мырқымбайдай ауыл еңбекшісінің
өлмес образын жасады.
Ілияс өлеңдеріне инверсия, үздік образдар тән. Өзіне шейінгі поэзияда
болмаған сөз образы (теңеу, эпитет, метафора, ме тонимия), жаңаша
құрған сөз тіркестері Ілияс өлеңдерінде жиі ұшырайды.
Сәбит өзінің творчестволық өсу жолдарының әсіресе соңғы
кездерінде өлеңді мазмұнға құруға, сөйлемде ойға қатысы жоқ сөз
болмау керектігіне, өлеңнің тақпақтап айтуға лайықталуына көп көңіл
бөлді. Өзінің өлеңдерінің бір ерекшелігі есебінде берік ұстап қалды.
Осындай ерекшелік таза қара сөзбен айналысатын жазушыларда да
бар. Қай елдің тарихын алсақ та, әдебиетінің даму жолдарында жеке
жазушылардың үлкен мәні болғанын білеміз. Халық ақындары, оның
ішінде Абай да қазақтың жазба әдебиетін, әдеби тілін жасаушы, қазақ
әдебиетін тақырып, түр жағынан байытқан. Қазақ оқушыларын шығыс,
батыс, орыс әдебиеттерімен таныстырып, ақындардың (Пушкин,
Лермонтов) шығармаларын қазақ даласына таратты.
Достарыңызбен бөлісу: